-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қонаев қаласында құрылыс 2 кезең бойынша жүргізіледі

    02.08.2023
    in Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Құқық-заң, Өңір тынысы, Үкімет, Экономика
    Қонаев қаласында құрылыс 2 кезең бойынша жүргізіледі

    Фото: Ақерке Жұмағазықызы

    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Үкімет кеше Қонаев қаласының 2050 жылға дейінгі Бас жоспарын бекіткен. Осыған орай, Алматы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Болат Мұсылманбеков тілшілерге сұхбат беріп, Бас жоспардың қалай орындалатынын түсіндірді.

    Мұсылманбековтің айтуынша, ең алдымен құрылыс қаланың ескі аумағында басталады.
    «Құрылыстың ескі қала аумағында басталу себебі – Бас жоспарға сәйкес, мұнда 100 мың адам тұрғылықты мекен етеді деп жоспарланған. Яғни, әлі де қала келбетін ретке келтіріп, тұрғындар өмір сүруге ыңғайлы ортаны қалыптастыру қажет. Мұнда әкімшілік кеңселер, тұрғын үйлер, мұз айдыны, спорт-сауықтыру орталықтары салынады. Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан демалыс орындарына ортақ велосипед жүргізушілер жолы, бульварлар салу да жоспарланып отыр. Сондай-ақ қараусыз қалған ғимараттар, ескі үйлер сүріліп, орнына көпқабатты тұрғын үйлер бой көтермек. «Жаңа Іле» аумағындағы қаланың бөлігі де 100 мың тұрғынға есептелген», – деді Болат Мұсылманбеков.

    Ал екінші кезең – «Жаңа Іле» төңірегіне инженерлік желілерді тартудан басталады. “Жалпы құрылысты бастау үшін экономикалық кешенді жоспар әзірленіп, Үкімет қарауына ұсынылады. Содан кейін қаржы бөлініп, барлық іс-шара қарқын алмақ. Қазірдің өзінде шаһар тұрғызуға ниетті инвесторлар көп. Алайда, оларды түбегейлі құрылысқа тарту үшін алдымен инфрақұрылым мәселесін шешу қажет”, – дейді бас сәулетші.

    «Жобалау компаниясының өкілдері 200 мың тұрғынға арналған қаланың Бас жоспарын дайындауға 6 ай уақыт жұмсаған. Одан кейін жоспарға бірнеше рет өзгерістер енгізіліп, жоба қоғамдық тыңдауға түсіп,сараптамадан өтті», – деді басқарма басшысы.

    Бұған дейін, 2010 жылы бекітілген жоспар бойынша шаһар көлемі – 9000 гектар болатын. Ал жаңа жоспарда бұл аумақ екі есе үлкейтіліп, 19 мың гектарды құрайды. Қазіргі күнде ауданы 56,3 шаршы шақырым Қонаев қаласында 54 907 адам тұрады.

    Ұсынымдар

    АМАНАТҚА АДАЛДЫҚ

    АМАНАТҚА АДАЛДЫҚ

    1 month ago
    Қонаевта 982 бала қызылшаға қарсы екпе алды

    Қонаевта 982 бала қызылшаға қарсы екпе алды

    1 year ago
    Ақсақалдар ақыл-ой турнирінде

    Ақсақалдар ақыл-ой турнирінде

    11 months ago
    Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі

    Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі

    3 months ago
    Алдын алса, ауру азаяды

    Алдын алса, ауру азаяды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.