-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Зайырлылық – еліміздің басты ұстанымы

    29.08.2023
    in Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Идеология, Құқық-заң, Мәдениет, Саясат, Сұхбат
    Зайырлылық – еліміздің басты ұстанымы

    Фото: aikyn.kz

    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Жаңа оқу жылы басталар шақта елімізде оқушылардың мектепке хиджаппен баруына рұқсат ету керек пе, жоқ па деген мәселе қайта көтерілді.
    Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі осыған байланысты «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Өзекті» бағдарламасына берген сұхбатында мектепке хиджабпен баруға рұқсат беру жөнінде өз пікірін білдірді.

    «Бірінші кезекте жалпы зайырлылық ұстанымын баса айтқан жөн. Себебі, біздің Ата Заңымыз бар, белгілі заңдар бар. Сондықтан, зайырлылық принципі – еліміздің басты ұстанымы. Екіншіден, бұған байланысты ұстанымдар әрқилы, кейбір қоғамдық пікір қалыптастырушылар манипуляцияға итермелейтін сияқты. Мысалы, кейбір желі қолданушылары «халықаралық тәжірибеде, әлемде бұл мәселе шешімін тапқан» деп үзілді-кесілді жазған екен. Меніңше, бұл – фейк ақпарат. Себебі дамыған, зайырлы, демократиялық Франция, Австрия сияқты елдер жасына байланысты хиджабқа шектеу қойған. Әрине, рұқсат ететін елдер де бар. Сондықтан, біз бұған байланысты халықаралық тәжірибенің әртүрлі екенін көреміз. Әр түрлі мемлекеттің өзіне сай ұстанған бағыты бар, тәжірибесі бар. Біздің де өзіндік ұстаным-бағытымыз бар. Ол – зайырлылыққа және Ата Заңға бағыну», – деді министр.

    Дархан Қыдырәлі Білім туралы заңда да мектеп формасы нақты бекітілгенін еске салды.

    «Тағы бір айта кетерлік жағдай, біз діни сенім бостандығына да құрметпен қараймыз, мемлекетте оған барлық жағдай жасалған. Айталық, дін істері басқармаларына қарасты медресе-колледждер бар, соларда қыз балалардың білім алуына жағдай жасалған. Сонымен қатар, бұл мәселеге дәстүр тұрғысынан да қарайтындар бар. Білім беру мекемелерінің басты мақсаты – оқыту, балаға білім беру. Құранның да алғашқы әмірі «Оқы» деп басталатынын білеміз. Ең бастысы, бұл тақырыпты саясиландырмау керек. Себебі, саясилану, радикалдану ең әуелі діннің өзіне қаншалықты қауіпті екенін біз Таяу Шығыстан немесе төңіректегі елдерден жақсы білеміз», – деді Дархан Қыдырәлі.

    Таяуда Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев та оқушылардың мектепке хиджаппен келуіне қатысты өз пікірін білдіріп, Конституция бойынша Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін, мектеп те зайырлы мекеме болып саналатынын айтқан.

    «2016 жылы бекітілген оқушылардың мектеп формасы мен киіміне қатысты бұйрық бар. Ол өзгерген жоқ. Сондықтан балалар білім ордасына мектеп формасымен келуі керек. Бұл балалардың бірдей білім алуы үшін жасалып отыр. Сондықтан бұл бағытта өзгеріс жоқ. Енді көтеріп отырған мәселе мұны шеше ала ма?! Бірінші кезекте біз негізгі мақсат пен адамдардың қосымша ойын шатастырмауымыз керек. Бала мектепте сапалы білім мен саналы тәрбие алуға міндетті. Оны ата-ана қамтамасыз етуі тиіс. Ол заңда белгіленген. Сондықтан бәріміз заңды орындауымыз қажет», – деп жауап берген Ғани Бейсембаев тілшілердің сауалына.

    Ұсынымдар

    ХҚКО мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда көрсетеді

    ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді?

    1 year ago
    Нұртас Қиялбеков: Бізде ит асырау мәдениеті төмен

    Нұртас Қиялбеков: Бізде ит асырау мәдениеті төмен

    2 years ago
    Қарттар қуанған күн

    Қарттар қуанған күн

    9 months ago
    Мемлекет басшысы: Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады

    Мемлекеттік қызмет жастар үшін!

    1 year ago
    Отанға қызмет

    Отанға қызмет

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>