-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Жаңа мектеп, ыстық тамақ, оқушылар автобусы

    06.08.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Демография, Инфрақұрылым, Мемлекеттік тіл, Өңір тынысы
    Жаңа мектеп, ыстық тамақ, оқушылар автобусы

    Фото: zakon.kz

    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Алматы облысының білім басқармасы биылғы оқу жылының өзгешелігі мен оған дайындық барысы туралы мәліметтерін жариялады. Ең алдымен, 2023-2024 оқу жылында бірінші сыныпқа баратын балалар саны 1700-ге көбейіп, 38 700-ге жетеді деген болжам бар.

    Басқарма мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында облыста 37 015 бала мектеп табалдырығын аттаған. Осы күнге дейін 35 452 баланың ата-анасынан балаларын мектепке қабылдау туралы өтініш түскен. Бірінші сыныпқа қабылдау туралы өтінішті ата-аналар онлайн түрде egov.kz, gu.almobl.kz порталдары арқылы немесе мектепке өздері барып жүзбе-жүз тапсыра алады.

    Бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың көпшілігі қазақ тілінде (28 604 бала немесе 80,7 пайыз) білім алмақ. 6335 бала орыс тілінде (17,9 пайыз), 513 бала ұйғыр тілінде (1,4 пайыз) оқуға ниет білдірген.

    Биылғы оқу жылында облыс балалары үшін қуанышты жаңалықтар да бар. Атап айтсақ, биыл бастауыш сыныптарда оқиды деп болжанып отырған 143 мыңнан астам балаға толықтай жыл бойы тегін ыстық тамақ беріледі. Бұл мақсатта бюджеттен 4,3 млрд теңге қаража бөлініп отыр.

    Сонымен қатар әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 1178 оқушының ата-анасына оқу-құралдары мен мектеп формасын алуға көмек ретінде 40 567 теңгеден аударылған. Тамыз айының ортасына дейін 50 127 баланың ата-анасына да осындай көлемде қаражат аударылмақ.

    Облыстағы алғай ауылдардан, саяжайлардан қатынап оқитын оқушыларды тасымалдау мәселесі де шешімін тауып келеді. Атап айтсақ, биыл оқушыларды мектепке тасымалдауға 2 млрд 172 миллион теңгеге «Лизинг» бағдарламасы арқылы 36 автобус сатып алынған.

    ОБлыста үш ауысымда оқитын мектептер мәселесі де өзекті. 51 мектепте 87 362 оқушы, оның ішінде 15 378-і үш ауысымда оқиды. Бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу қолға алынып, былтырдан бері 15 750 оқушыға арналған 16 мектеп салына бастаған. 1 қыркүйекке дейін оның 9-ының құрылысы аяқталып, жаңа оқу жылында оқушыларға есігін айқара ашпақ. Бұдан бөлек, биыл “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында облыста 24900 оқушыға арналған 26 мектептің құрылысы басталды.

    2022-2023 оқу жылында облыста 425 жалпы білім беретін мектепте 330 549 оқушы, оның ішінде 31 жекеменшік мектепте 9078 оқушы білім алды.

    Ұсынымдар

    Алматы облысының ТЖД қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

    Алматы облысының ТЖД қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

    2 months ago
    Ел сенімі жеңіске жетелейді

    Ел сенімі жеңіске жетелейді

    11 months ago
    Ақынның «алтын шапаны»

    Ақынның «алтын шапаны»

    2 months ago
    Өшпейтіндей қалдырған  өз бейнесін

    Өшпейтіндей қалдырған өз бейнесін

    7 months ago
    Жеті облыста 3745 үйді су басты

    Жеті облыста 3745 үйді су басты

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.