-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жас келсе, мемлекеттік іске!

    Ел болашағы білімді де білікті жастардың қолында. Елімізде жастарды қолдау бағытында түрлі жобалар бар. Солардың бірі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Президенттік жастар кадр резервінің жасақталуы. Мемлекет басшысы резервтің жастар үшін тиімді әлеуметтік лифтіге айналуы тиіс екенін айтты. Жалпы, Президенттік жастар кадр резерві деген не? Бұл жобаға кімдер қатыса алады? Резервшілер қайда жұмысқа орналасады? Дәл осындай өзекті сұрақтардың жауабын ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Асхат ТӘКЕБАЕВТАН сұрап-білген едік.

    31.08.2023
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Мемлекеттік қызмет, Өңір тынысы, Саясат
    Жас келсе, мемлекеттік іске!
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    – Президенттік жастар кадр резерві дегеніміз не? Бұл жолғы іріктеудің ерекшеліктері туралы айтып берсеңіз?

    – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады. Нәтижесінде, 50 резервші таңдалады. Биылғы іріктеудің ерекшелігі, мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, мақсатты іріктеу жүргізу болмақ. Осылайша, кезекті іріктеу мынадай 6 негізгі сала бойынша жүзеге асырылады: 1) Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты; 2) Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау; 3) Сыртқы саясат және инвестициялар; 4) Экономикалық және қаржылық саясат; 5) Цифрландыру; 6) Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.
    Жобаның басты мақсаты – барынша білікті, білімді және тәжірибелі жастар үшін мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшы лауазымдарға орналасуға бірегей мүмкіндік ашу. Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған кезде, Президенттік жастар кадр резерві тізімінде бар азаматтардың кандидатуралары қаралады.

    – Бұл жобаға кез келген адам қатыса ала ма? Резервке қабылдану үшін не істеу керек, қағидасы қалай? Түсіндіріп өтсеңіз.

    – Іріктеуге түрлі сала өкілдері, түрлі кәсіп иелері қатыса алады. Олар міндетті түрде мемлекеттік қызметкер болуы шарт емес, квазимемлекеттік сектор, жекеменшік сектор, азаматтық қоғам өкілдеріне де мүмкіндік бар. Үміткерлерге келесідей талаптар қойылады: 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс; жоғары білімді; жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес; мемлекеттік тілді білетіндігі туралы сертификаты бар (В1 деңгейінен төмен емес).
    Қабылдану үшін не істеу керек деген сауалыңызға келсек, 2023 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында pkrezerv.gov.kz сайтына тіркелу және өтінім бересіз. Одан кейін сайттың жеке кабинетінде профильді толтырасыз. Онда жоғары білімі туралы дипломдар мен еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін, мемлекеттік тілді білетіндігі туралы сертификатты (В1 деңгейінен төмен емес) жүктейсіз.

    – Жобаға қатысу үшін қандай шектеулер бар, сол туралы тарқатып айтсаңыз.

    – Резервке іріктеуге талаптарға сай келетін барлық азаматтар қатыса алады. Тек Президент тағайындайтын саяси мемлекеттік қызметкерлерге шектеу бар. Сонымен қатар, үміткерлер мемлекеттік қызметке тұру шарттарына сәйкестігіне тексерілетін болады. Іс-әрекетке қабілеттілігі, белгілі бір уақытқа мемлекеттік қызметте болу құқығынан айыратын сот шешімі бар ма, жоқ па, сыбайлас жемқорлық қылмысына қатыстылығы, өтелмеген немесе алынбаған соттылығы, қылмыстық топ құрамында жүрген-жүрмегендігі қаралады.

    – Үміткерлер кадрлық резервке алынуы үшін қандай да бір емтихандар немесе тест тапсыра ма?

    – Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс.
    Бірінші кезең – резервке іріктеуге қатысу үшін кандидаттардың құжаттарын қабылдау. Ол 2023 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында pkrezerv.gov.kz арнайы ақпараттық жүйесінде және онлайн режимде жүзеге асырылады. Іріктеу объективтілігін қамтамасыз ету үшін кандидаттардың деректері жеке нөмір беру арқылы жасырылады. Бағалаушылар үшін үміткердің кім екендігі беймәлім болады.
    Екінші кезең – мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан тұрады. Тестілеу процесі аудио-бейне фиксациямен өтіп, өз бетінше өту шартының сақталуын қамтамасыз ету прокторинг жүйесімен қадағаланатын болады.
    Үшінші кезең – ситуациялық тапсырмаларды шешу. Бұл кезең үміткерлердің таңдаған салалық бағыттарына байланысты ситуациялық тапсырмалар түріндегі нақты проблемаларды шешуге деген көзқарасын бағалауға бағытталған. Аталған кезең онлайн-режимде аудио-бейне жазбамен сүйемелденіп, эссе жазу форматында жүргізіледі.
    Төртінші кезең – ассессмент-орталығы мен құзыреттер бойынша сұхбат. Ассессмент-орталық Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының базасында офлайн форматта өтеді. Ол мінез-құлық индикаторлары арқылы кандидаттардың бойындағы белгіленген құзыреттерді анықтауға және бағалауға бағытталған.
    Кандидаттардың мінезін бағалау топтық және жеке тапсырмалардан тұрады. Жалпы құзыреттерді бағалауға кемінде 15 сертификатталған бағалаушы және 5 супервизор тартылатын болады.
    Өз кезегінде, құзыреттер бойынша сұхбат блогы кәсіби HR-менеджерлерін тарта отырып, онлайн форматтағы жеке терең сұхбат түрінде өткізіледі. Сұхбат кандидаттардың ішкі уәждемесін және құндылық бағдарларын айқындайтын құзыреттерді анықтауға бағытталады.
    Бесінші кезең – сарапшылық комиссиясында кандидаттармен әңгімелесу. Оның құрамына мемлекеттік органдардың басшылары тартылатын болады. Комиссия қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия отырысында қарауға ұсынылатын қатысушылардың тізімі жасалады.
    Алтыншы, соңғы кезеңде – Ұлттық комиссияның отырысы өтіп, Президенттік жастар кадр резервіне үздік 50 кандидат қабылданады.

    – Қазақстан Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына кімдер кіреді?

    – Ұлттық комиссия құрамы Президенттің №141 Жарлығымен бекітілген. Комиссия құрамына Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің басшысы, Президент кеңсесінің бастығы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Президент әкімшілігі басшысының өңірлік саясат мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары, Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы, Президент әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры, Президент әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі кіреді.

    – Іріктеуден сәтті өткен резервшілерге қандай қызметтер ұсынылады?

    – Президенттік жастар кадр резервінде болу мерзімі – 3 жыл. Көрсетілген мерзім ішінде резервке алынған адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы Заңына сәйкес, саяси және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері лауазымдарына, сондай-ақ, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялардың басқармаларының төрағалары мен басқарма мүшелері лауазымдарына орналаса алады.
    Атап өтсек, 2019 және 2021 жылдары резервке алынған 350 адамның 264-і мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс істейді, яғни, жалпы санының 75 пайызы жұмысқа орналастырылды. Олардың ішінде 128 адам орталық мемлекеттік органдарда, 38 адам жергілікті атқарушы органдарда, 57 адам ұлттық компанияларда, 41 адам адам өзге де ұйымдарда қызмет атқаруда. Сондай-ақ, олардың қатарында 31 резервші саяси лауазымдарға, 6 резервші «А» корпусының лауазымдарына тағайындалса, бір резервист Парламент Мәжілісіне, 2 резервист мәслихатқа депутат болып сайланған.
    Бұл жоба жастарды қолдауға үлкен мүмкіндік деп білемін. Осы сұхбатты пайдалана отырып, талапқа сай, еліміздің өркендеуіне үлес қосқысы келетін барлық білімді, білікті жастарды резерв жобасына қатысуға шақырамын.

    – Әңгімеңізге рахмет!

    Сұхбаттасқан – Қуаныш ТҰНҒАТАР

    Ұсынымдар

    Ынтымақтастық кеңейеді

    Ынтымақтастық кеңейеді

    8 months ago
    Қазақстандық стенд атушылар Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

    Қазақстандық стенд атушылар Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

    2 years ago
    Тасқын шығыны өтелетіні көңілге демеу

    Тасқын шығыны өтелетіні көңілге демеу

    1 year ago
    ҚХА-ның республикалық сессиясы Алматы облысында жалғасын тапты

    ҚХА-ның республикалық сессиясы Алматы облысында жалғасын тапты

    2 years ago
    Кәсіпкерлер бас қосты

    Кәсіпкерлер бас қосты

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.