Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше министрді қызметінен босату туралы жарлық шығарды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент жарлығымен Марат Қарабаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан, Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан, Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі лауазымынан, Зүлфия Сүлейменова Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінде басқару құрылымын өзгерту туралы жарлық шығарып, ондағы бірқатар лауазым иелерін қызметінен босатты. Атап айтқанда:
– Тимур Сүлейменов Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымынан;
– Ержан Жиенбаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан;
– Аида Балаева Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан;
– Ержан Қазыхан Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымынан;
– Ернар Баспаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан;
– Руслан Желдібай Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан;
– Әсет Исекешев Президенттің көмекшісі лауазымынан;
– Қанатбек Жайсаңбаев Президенттің көмекшісі – Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
– Әлтайыр Ахметов Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
– Ерлан Байтұқбаев Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі лауазымынан;
– Азамат Дүйсембеков Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
– Рақымжан Ерназар Президент Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.