Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік – “АНА ҮЙІ” Қоғамдық қоры бағыттарының бірі. Агенттіктің мақсаты – Қазақстанды қоғамда қабылдаушы отбасыларды кәсіби даярлау, сүйемелдеу және бала асырап алу мәдениетін дамыту.
Қазақстанның 20 қаласында кеңес беру кабинеттері жұмыс істейді.
Қор мамандары өз отбасыларына мекемеде тәрбиеленіп жатқан балаларды қабылдағысы келетін азаматтарға (отбасыларға) кеңес береді. Барлық сұрақтар бойынша 1422 колл-орталығына хабарласуға болады.
Психологтар Қабылдаушы ата-аналар мектептерінде (бұдан әрі – ҚАМ) болашақ асырап алушы ата-аналарды дайындайды, ҚАМ-да олар жас психологиясы туралы, асырап алған баламен байланыс орнату және бүкіл отбасының жаңа өзгерістерге жайлы бейімделуі туралы құнды ақпарат алады.
Осындай жауапты қадамға бел буған азаматтардың барлығы Қабылдаушы ата-аналар мектебінен өтуі қажет.
ҚАМ мақсаты – ата-аналарды мекемеден баланы асырап дайындау, барлық қажетті ақпаратты беру, дағдыларды үйрету, маңызды сұрақтарға жауап табуға көмектесу, өздерінің мүмкіндіктері мен шектеулерін түсіну, асырап алушы ата-ана болуға дайындығын түсіну.
ҚАМ өту барысында үміткерлер қабылданған баланың ерекшеліктері мен қажеттіліктері туралы түсінік алады; қабылдаушы ата-ана ретінде өздерінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін сезінеді; отбасына қандай баланы қабылдай алатынын және қандай қабылдау түрі қолайлы екенін түсінеді.
Балаларды асырап алу саласында кешенді тәсіл өте маңызды. Үміткерді оқытып қана қоймай, оған қанша қажет болса, сонша сүйемелдеу жұмыстары көрсетіледі. Сондықтан, біздің жұмысымызда міндетті бағыт – қабылдаушы отбасыға сүйемелдеу көрсету. Жұмыс тәжірибесінен білетініміз, бала отбасына келгеннен кейін ең қиын кезең – бейімделу басталады. Осы уақытта психолог пен әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның отбасыға кәсіби сүйемелдеу көрсетуі өте маңызды.
Сүйемелдеудің әртүрлі формалары бар – бұл отбасына бару, мамандармен кездесу, психологиялық кеңес беру және тағы басқалары. Сүйемелдеу баланы қайтарудың алдын алу шарасы ретінде қажет.
Отбасында балалар үйінен келген баланың жан жарасы ашыла бастайды. Біздің психологтардың айтуынша, “бал айы” аяқталғаннан кейін, бұл әдетте бір, екі, үш айдан соң барлық отбасыда “үйренісу” басталады. Осы кезде қабылдаушы отбасыларға қолдау мен көмек қажет. Біздің психологтар әр отбасына көмектесуге тырысады.
Бүгінгі таңда Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттіктің көмегімен қазақстандық отбасыларға 1802 бала асырап алуға берілді және бұл сан үнемі өсіп келеді.
2022 жылдың мамыр айынан бастап пилоттық жоба іске қосылды.
Пилоттық жоба – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі жәнедаму ерекшеліктері бар балалардыотбасына тәрбиелеуге қабылдауды жоспарлап отырған Қазақстан Республикасының азаматтарын ынталандыруға және қолдауға бағытталған “АНА ҮЙІ” ҚҚ қайырымдылық бастамасы.
Жобаны 3 жыл ішінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.
«Ана үйі» қоғамдық қоры
– Қабылдағаннан кейін балаларды оңалтушы дәрігерлердің тексеруінен өтуді ұйымдастыру;
– Балалардың медициналық оңалтудан және (немесе) педагогикалық түзетуден өтуі үшін төлем жасау;
– Балалардың ота емін төлеп беру (қажет болса);
– Қабылдаушы отбасыға кеңес беру және ақпараттық көмек көрсетуді жүзеге асырады.