Алматы облысының Іле ауданында атыста оқ тиген бір адам ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмды. Атыстан жараланған жергілікті тағы төрт адам орталық аудандық ауруханаға түсті.
Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Кісі өлтіру) және 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша тіркеліп, іс қозғалды.
Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов Instagram-да полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында оқиғаға қатысты күдіктілерді анықтап, ұстағанын хабарлады. Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындалып, тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Аймақтағы жағдай тұрақты және бақылауда.