«Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесінің тоғызыншы кезеңінде Алматы облысының шабандоздары белгіленген маршруттың 850 шақырымын басып өтіп, жеңімпаз атанды.
Қостанайлық шабандоздар мәре сызығын екінші болып кесті. Жетісу облысының командасы үшінші болып жетті. Өкінішке қарай, бұл кезеңде Жамбыл облысы командасымен қоштасуға тура келді.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясының қолдауымен «Ұлы дала жорығы» атты республикалық марафон 6 қыркүйекте Астананың іргесіндегі Қаражар ауылынан басталды.
Шабандоздар Қазақстанның киелі жерлерін аралап, елордадан Түркістанға дейінгі 1300 шақырым қашықтықты басып өтеді.
Алда әлі 5 кезең бар. Мәре сызығына 450 шақырым қалды.