Алматы облысының орталығы, Қонаев қалалық Мәдениет үйінде 22 қыркүйекте сағат 14:00 де ақын Көдек Байшығанұлының 135 жылдығына арналған “Ескіден қалған есті өнер” атты республикалық жас ақындар айтысы өтеді. Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтержәне құжаттама басқармасына қарасты облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өтетін жыр аламанында еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас айтыскерлер бақ сынамақ. Республиканың 12 облысынан қатысатын 16 жас ақынның шығармашылық шеберлігіне елімізге танымал айтыскер ақындар қазылық етеді. Байқау шарты бойынша айтыскерлердің тапқырлығы мен ақындық дарыны ескеріліп, берілген тақырыпты ашу аясына баса назар аударылмақ. Жүзден жүйрік атанған жеңімпаз үшін 500 мың теңге ақшалай сыйлық беріліп, барлық қатысушылар үшін қомақты қаражат қарастырылған. Айта кететін жайт аталмыш жыр додасы Алматы облысында алғаш рет ұйымдастырылуда.
Ақын Көдек Байшығанұлы Қытайда тұратын қазақтар арасында азаттық идеясын насихаттаушылардың бірі. Әкесі Байшыған, атасы Маралбай да ақын кісілер болған.