🌡️
15°C
Қонаев
Дүйсенбі, Наурыз 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Заңсыз құжат рәсімдеу жолдары кесілмек

    26.09.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Жоғары технология, Құқық-заң, Қылмыс, Үкімет
    Заңсыз құжат рәсімдеу жолдары кесілмек
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Келесі жылдан бастап ел азаматтары төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдеу кезінде саусақ таңбасын тапсыруға міндеттеледі. Бұл жайында Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәжілісінде Көші-қон комитетінің аға инспекторы Нұржан Жаңабаев мәлімдеді.

    «Дактилоскопиялық тіркеу – бұл саусақтардың папиллярлық үлгілерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат алу. Міндетті дактилоскопиялық тіркеу елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталады. 12 жасқа дейінгі балалардан басқа, Қазақстанның барлық азаматы және елімізде тұрақты тұратын шетелдіктер дактилоскопиялық тіркелуі тиіс. 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар үшін дактилоскопиялық тіркеуден өту, өтпеу өз еркінде болады. Саусақ іздерін алу Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтар жеке куәлікті, төлқұжатты, шетелдіктер елде тұруға ықтиярхатты және азаматтығы жоқ адамның куәлікті ресімдеуі кезінде жүргізілетін болады”, – деді Нұржан Жаңабаев.

    Аға инспектордың айтуынша, дакңтилоскопиялық тіркеу адам мүдделерін қорғау, оның заңды құқықтарын, денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алынады. «Біріншіден, бұл іс-шаралар жеке тұлғаларды биометриялық сәйкестендіруді жетілдіруге бағытталған, бұл өз кезегінде заңсыз құжат рәсімдеудің алдын алуға, құжаттарды қолдан жасаудан, олардың иелерін алаяқтық және өзге де қылмыстық әрекеттерден қорғауға мүмкіндік береді», – деді Жаңабаев.

    Комитет өкілінің айтуынша, саусақ іздерін алу процесінен бас тартқан жағдайда азаматқа Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 443-1-бабына сәйкес жаза қолданылады.

    Соңғы жаңалықтар

    Табиғатқа тағзым
    23.03.2026
    Жаңа жол, жаңа жыл: «Көшпенділер қалашығында» 3500-ден астам адам Наурызды тойлады
    23.03.2026
    Президент Тазару күніне орай үндеу жасады
    23.03.2026
    Республика жастары «Мөлдір бұлақ» акциясына қатысуда
    23.03.2026
    Бұлақ көрсең, көзін аш
    23.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>