Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Аян Бейсенбаев триатлоннан қола медаль иеленді.
Аян Бейсенбаев 1500 метрге жүзіп, велоэтаппен 40 шақырым жүріп өту, одан соң 10 км жүгіру сынағын 1 сағат 52 минут 25 секундта орындап шықты.
Байрақты бәсекеде алтын медальді жапониялық спортшы Кенжи Ненер (1:50:54) жеңіп алды, сондай-ақ күміс медаль да Жапониядан келген спортшы Макого Одакураға (1:51:49) бұйырды.
Кеше қазақстандық Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стенд ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медаль жеңіп алған.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, финалда қазақстандықтар Кувейттен келген қарсыластарынан 40-35 есебімен басым түсті. Бұл – Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін үшінші алтын медаль.
29 қыркүйек – жарыстың алтыншы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Қазақстан 22 медальмен (3 алтын, 3 күміс және 16 қола) 11-орында тұр.