Мектепке дейінгі білім беру елдегі үздіксіз білім беру жүйесінің міндетті бастапқы құрамдас бөлігі болып табылады.
Мәселен, Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті ата-аналардың өтініштері негізінде «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
білім бөлімі» ММ-де жергілікті атқарушы органдар балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын
орналастырған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік аудиторлық іс-шара жүргізді.
Тексеру барысында балабақшаның есебіне тіркелген балалардың келмегендері белгілі болып, 10 508,63 мың теңгенің сомасына қаржылық және 29 122, 6 мың теңгенің сомасына рәсімдік сипаттағы заңбұзушылық деректері анықталды.
Департамент тарапынан мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталғанзаңбұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама
жіберілді. Жоғарыда аталған іс-шараларды қорытындылай келе, 10 508,6 мың теңге қаржылық заңбұзушылық толығымен бюджетке өндірілді.
Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан 2023 жылы «Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде
(әрі қарай – мекеме) бюджет қаражаттары есебінен негізсіз төленген еңбекақы төлемдерінің сәйкестігіне электрондық аудит
жүргізілді.
Электрондық аудитпен мекемеге түсетін жүктеме ақпараттық технология құралдарын қашықтан пайдалану арқылы төмендетілді. Электрондық аудит арқылы департаменттің құзыретіне сәйкес аудит жүргізу мерзімдері қысқартылып, жеке
тұлғалардың өтініштері бойынша жедел шешімдер қабылдау қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, аталған электрондық аудитпен еңбекақы ретінде негізсіз төленген жалпы сомасы 1 128,8 мың теңге көлеміндегі қаржы бұзушылықтары анықталды. Департамент тарапынан ҚР «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау» Заңының талаптарына сәйкес 1 128,8 мың теңге көлеміндегі қаржылық заңбұзушылықтар сомасын бюджетке өндіру және Жамбыл ауданы білім бөлімінің лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке
тарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның
прокуратура және қылмыстық қудалау
органдарымен өзара іс-қимылы
2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңы (әрі қарай – Заң) 53-бабының
1-тармағына сәйкес:
1) мемлекеттік аудиттің тиісті объектісі бойынша бұрын жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері болған жағдайда, қайта
мемлекеттік аудит жүргізбей осы нәтижелерді ұсынады;
2) егер бұрын жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерінде сұрау салуда қойылған мәселелер көрініс таппаған жағдайда, бұл мәселелер ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның
келесі жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде ескеріледі. Сонымен қатар, заңның 53-бабы 2-тармағына
сәйкес, Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, прокуратура органының тиісті талабы немесе
сұрау салуы, сотқа дейінгі басталған тергеп-тексеру шеңберінде шығарылған тиісті қаулы, сондай-ақ соттың тиісті ұйғарымы бойынша тексеруге қатысып, қорытынды беру үшін аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесін және олардың көрсетілетін қызметтеріне республикалық бюджеттен бөлінген қаражат
шегінде ақы төлеуді айқындайды.
Қорыта келгенде, заңның 53-бабы 3-тармағына сәйкес Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тексерілетін органдардың сұрау салуы бойынша кезектілік пен өңірлік ұсынылу қағидаттарын сақтай отырып, аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесінен аудиторлық ұйымды (аудиторды) айқындайды.
Алматы облысы бойынша
ішкі мемлекеттік аудит департаменті