-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Алматы облысы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

    25.09.2023
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Мәдениет, Мемлекеттік қызмет, Өңір тынысы, Саясат
    Алматы облысы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Алматы облысында Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, сондай-ақ әкім аппаратының басшылары тағайындалды.

    Алматы облысы әкімінің өкімімен және Қазақстан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Данияр Абзалиденұлы Алиев облыстың Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
    Данияр Абзалиденұлы 1986 жылы туған, білімі жоғары, 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінде «тарих» мамандығы, 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінде «тарих магистрі», 2020 жылы «Алматы» университетінде «құқық» мамандығы бойынша білім алған.
    Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатында қор сақтау бөлімінің меңгерушісі болып бастаған.
    Әр жылдары Алматы қаласы тарихының мұражайында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының бас маманы, басқарма басшысының орынбасары, «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы бойынша филиалында кеңесші, бөлім меңгерушісі болды.
    2022 жылдың қыркүйек айынан Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінде комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
    Сонымен қатар Қазақстан Президенті Әкімшілігінің келісімімен Мұрат Бақыткерімұлы Мәдіғұлов Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.

    Мұрат Бақыткерімұлы 1978 жылы туған, білімі жоғары, 2000 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «мал шаруашылығы менеджері», 2006 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «есеп және аудит», 2017 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «құқық магистрі» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2000 жылы «Руби-Роз Агрикол» ЖШС филиалының зоотехнигі болып бастап, кейіннен зоотехниктің көмекшісі ретінде еңбек еткен. Әр жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жетісу облысы Алакөл аудандық аймақтық басқармасының бас маман – мемлекеттік инспекторы, Алматы облыстық аумақтық басқармасының жетекші маманы, бас маманы, облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, облыс әкімі аппаратында бас инспектор, аппарат басшысының орынбасары, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, облыстық Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының орынбасары, Іле ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.
    2021 жылдың наурыз айынан Іле ауданы әкімінің орынбасары болды.

    Ұсынымдар

    АЭС энергетикалық тапшылықты шешеді

    АЭС энергетикалық тапшылықты шешеді

    8 months ago
    “Ұлы даланың ұлы есімдері” жобасы Алматы облысында жалғасады

    “Ұлы даланың ұлы есімдері” жобасы Алматы облысында жалғасады

    2 years ago
    Алматы облысында 70 ауыл интернетпен қамтылады

    Алматы облысында 70 ауыл интернетпен қамтылады

    2 years ago
    ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЕҢ АУҚЫМДЫ СПОРТТЫҚ ЖОБА ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА БАСТАУ АЛДЫ

    ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЕҢ АУҚЫМДЫ СПОРТТЫҚ ЖОБА ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА БАСТАУ АЛДЫ

    2 months ago
    Уығы берік шаңырақ

    Уығы берік шаңырақ

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>