Перейти к содержимому
Главная страница » Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

16-17 қыркүйекте Алматы қаласында Алматы облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге барлығы 200 тонна ауыл шаруашылығы өнімі, оның ішінде, 30 тонна – ет, 130 тонна – жеміс-көкөніс, 15 тонна – сүт, 10 тонна – балық, 15 тонна – өзге де өнім әкелінеді.

Жәрмеңке сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.

Осыған байланысты Сәтпаев көшесі бойымен Достық даңғылы және Уәлиханов көшесі арасындағы учаскеде көлік қозғалысы шектеледі.