-13 °c
Qonaev
Monday, May 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Азық-түлік бағасын қымбаттатпау шаралары талқыланды

    10.09.2023
    in Ауыл шаруашылығы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Саясат, Үкімет, Экономика
    Азық-түлік бағасын қымбаттатпау шаралары талқыланды

    Фото: orda.kz

    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен кеңес өтіп, қарқынды егін жинау науқаны кезінде көкөніс және басқа да негізгі азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар қаралды. Кеңесте күзгі көкөністер жәрмеңкесі, сауда үстемесін бақылау және сақтау мүмкіндіктерін есепке алу жайы талқыланып, алдағы маусымаралық кезеңде және қыста еліміздің тұрақтандыру қорларын қалыптастыру үшін оңтүстік өңірлерде көкөніс жәрмеңкелері өтетіні айтылды.

    Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабековтің хабарлауынша, 14 қыркүйекте Жамбыл облысында пияз жәрмеңкесі жоспарланған. Оған барлық өңір мен ірі сауда желілері шақырылды.

    «Пияз бағасы төмен болып тұрған кезде өңірлер белсенділік танытып, қажетті көлем бойынша келісім-шарт жасасуы қажет», – деді Айдар Әбілдабеков.

    Сауда комитетінің төрағасы электронды шот-фактуралар (ЭШФ) арқылы өндірушіден дүкен сөрелеріне дейінгі ӘМАТ-қа баға белгілеу тізбегін талдау жөніндегі ведомствоның жұмысы туралы ақпарат берді.

    «Жыл басынан бері 814 тізбекке талдау жүргізілді, 146 факт бойынша сауда үстемесінен асыру тәуекелдері анықталды. Кейбір аймақтарда бірінші санаттағы жұмыртқалардың бағасы қатты өскен. Біз 5 өндіруші бойынша ЭШФ-ға жан-жақты талдау жүргіздік, «Воробьев А.А.» ЖШС жұмыртқа бағасын рұқсат етілген үстемеден асырғаны анықталды, ол құс фабрикасынан және басқа көтерме саудагерден жұмыртқа сатып алып, одан 35%-дан 131%-ға дейін пайда көріп отырған. «DOSAUTO KZ» ЖШС «Адель Кус» ЖШС-дан жұмыртқа алып, сату кезінде оған 71% үстеме қосып отырған», – деді комитет басшысы.

    Күріш бойынша баға жағдайы бөлек қарастырылды. Өткен аптада ӘМАТ бағасының 0,1%-ға төмендеуіне қарамастан, күріштің құны 1,1%-ға өсті. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтың мәліметінше, қазіргі уақытта осы жылдың маусым айында Қызылордада өткен күріш жәрмеңкесіне қарамастан, 4 өңір ғана (Ақмола, Қостанай және Түркістан облыстары, Шымкент қ.) осы жарманың үш айға қажетті көлемі бойынша келісімшартқа отырған. Аутсайдерлер – ШҚО (қажеттіліктен 9%), БҚО – 22%, Ақтөбе – 36%.
    Сондай-ақ, кеңесте еліміздегі жекеменшік көкөніс қоймаларын есепке алу мәселесі талқыланды, бұл көкөністермен қамтамасыз ету бойынша статистика мен талдау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

    Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин көкөністерді сақтайтын барлық нысанды есепке қою бойынша жұмыс жүргізуді, өңірлерге тұрақты бағаны қамтамасыз ету үшін негізгі азық-түлік тауарларының қажетті қорын қалыптастыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

    Ұсынымдар

    Миына қан құйылған науқасқа МӘМС есебінен ота жасалды

    Миына қан құйылған науқасқа МӘМС есебінен ота жасалды

    1 year ago
    Кітап – сарқылмас  қазына

    Кітап – сарқылмас қазына

    7 months ago
    Алтын қолды ақсақал

    Алтын қолды ақсақал

    1 year ago
    Полиция жұмысы жанданады

    Полиция жұмысы жанданады

    1 year ago
    Шаршы тақтадағы тартыс

    Шаршы тақтадағы тартыс

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.