-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Экология министрі Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

    30.09.2023
    in Ауыл шаруашылығы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Кәсіпкерлік, Құқық-заң, Өңір тынысы, Үкімет, Экология
    Экология министрі Алматы облысының тұрғындарымен кездесті
    0
    SHARES
    20
    VIEWS

    Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Алматы облысына сапары аясында тұрғындармен кездесіп, өңірдегі халықты толғандырған экологияға қатысты сұрақтарға жауап берді. Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде өткен кездесуге облыс тұрғындары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен салаға қатысты мамандар қатысты. Бұған дейін Алматы қаласына сапарлап барғанын айтқан министр Нысанбаев Алматы облысына атбасын әдейі бұрғанын, мұндағы жұртшылықты алаңдатқан мәселелердің шешімін айтып, сауалдарына жауап беру мақсатында келгенін жеткізіп, бірден сұрақ-жауап кезеңіне кірісуді жөн көрді. Кездесуде орман шаруашылықтарының ахуалынан бастап қоршаған ортаның жай-күйі, әсіресе кәріз сулары мен түрлі кәсіпорындардан шығатын зиянды иістер және олардың адамдардың денсаулығына әсеріне қатысты мәселелер көтерілді.

    Алғашқылардың бірі болып сөз алған Іле ауданы Тілендиев ауылының тұрғыны Тағабай Жұмабеков Алматыдан келетін кәріз суының мәселесін қозғады.

    – «Алматы су» мекемесінің кәріз суларын тазалау құрылғысы Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 12 шақырымда – Іле ауданының Жәпек батыр ауылына жақын орналасқан. Күн ысыса болды, осы сарқынды су сасып, исі жақын маңайдағы елдімекендерге тарап, 100 мыңға тарта тұрғынның тынысы тарылады, – деді тұрғын. Министр экологияның нашарлауы өңірдегі әр тұрғынға әсер ететінін айтып, экологиялық бақылау комитетінің төрағасына жағдаймен танысып, тиісті шара қабылдауды тапсырды.
    Қонаев қаласының тұрғыны Светлана Васильевна да қаладағы кәріз жүйесінің ескіргенін айтып, дабыл қақты.
    – Қонаев қаласы мен Заречный кентіндегі кәріз суын тазарту құрылғысы апатты жағдайда тұр. Оны жаңарту жоспары туралы үнемі айтылып келеді, құрылғы нақты қашан салынады?, – деп сұрады тұрғын. Министрлік өкілінің айтуынша, дамудың кешенді жоспары аясында Заречный кентінде тазарту құрылғысын жобалауға биыл 50 млн теңге бөлінгенін, келесі жылдың ортасына дейін нысан пайдалануға берілетінін жеткізді. Ал Қонаев қаласында жаңа тазарту құрылғысы екі жылдан кейін іске қосылмақ, бұл мақсатта 20 млрд теңге бөлінген.
    Кездесуде эколог, қоғам қайраткері Мэльс Елеусізов Алматының кәріз сулары мен өнеркәсіптік шаруашылығынан шыққан сулар жиналатын Сорбұлақ көлінің жағдайына алаңдайтынын білдірді. «Алматыдан жиналатын кәріз суы көлемінің ұлғаюына байланысты көлге қауіп төніп тұр. Жиналған қалдық су мөлшері көп жағдайда шектік деңгейге жақындап қалады. Жер сілкінісі болса бөгет жарылып, жақын маңдағы елдімекендерді су басуы әбден мүмкін», – деді Мэльс Елеусізов.

    Министр Ерлан Нысанбаев Сорбұлақ сияқты тоспалар жергілікті атқару органдарының құзырында екенін, солай болса да оның қоршаған ортаға қаупін саралау қажет екенін айтты.
    Сонымен қатар кездесуде Сорбұлақ көлінің суын тазартып, ауыл шаруашылығы алқаптарын суаруға пайдалану туралы да ұсыныс айтылды. Министр дүниежүзінде сарқынды суды қайтадан кәдеге жарату тәжірибесі бұрыннан бар екенін, алайда бұл Ирригация және су шаруашылығы министрлігінің құзырындағы мәселе екенін айтты. Әйтсе де сарқынды суды тазартып қайтадан ауыл шаруашылығында пайдаланбас бұрын оның жарамдылығын анықтау үшін зертханада экологиялық сараптама жасалуы тиіс екенін ескертті.

    Экология және табиғи ресурстар министрімен кездесуде кейінгі жылдары туристер қарасы көбейген көрікті Көлсай көлдері аумағында да кәріз жүйесінің жоқтығы сөз болды. Экологиялық бақылау комитетінің басшысының айтуынша, бұл бойынша жоба-сметалық құжаттарын дайындауға 30 млн теңге бөлінген, жыл соңына дейін ол сараптамаға жөнелтіліп, нақты істің жайы содан кейін ғана белгілі болмақ.

    Кездесуде тұрғындар кәріз жүйесінен басқа өндірістік және басқа да нысандардан тарайтын иістердің экологияны бүлдіріп отырғанына налыды. Айталық, Еңбекшіқазақ ауданынан келген тұрғындар Қайназар ауылындағы таяуда жұмысы тоқтатылған кірпіш зауыттарының дауы әлі басылмағанын жеткізді. Министр зауыт мәселесіне қатысты сот ісі аяқталмағанын, зауыт басшылығы аудандық сот шешіміне апелляциялық шағым түсіргенін айтты.
    Іле ауданынан келген тұрғындар «Алатау құс» зауытынан шығатын жағымсыз иіс, Ақсай өзенінің бойынан құм-тас қазатын кәсіпорындардың қызметіне шағымданды. Министр қазіргі күні өзен-көлдер бойынан құм-тас қазу еліміз бойынша өткір мәселе болып тұрғанын, бұған дейін табиғат қорғау прокуратурасы тиісті тексерулер жүргізіп, заңсыз жұмыс істеген кәсіпкерлерге айыппұл салынғанын айтты.
    Кездесуде экология министрі өңір экологиясын жақсарту бойынша жоспарлары мен ұсыныстарын да бөлісті.

    – Қоқысты жинаудағы негізгі мәселелер – инфрақұрылымның жеткілікті дамымауы, тұрмыстық қатты қалдықтар төгілетін полигондардың талапқа сай келмеуі, рұқсат етілмеген жерге қоқыс төгу болып отыр. Биыл ғарыштан зерттеу кезінде облыста 375 қоқыс тастайтын орын анықталды, олардың 142-сі жойылды. Облыс аумағында сонымен қатар 12 миллион түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр, – деді Ерлан Нысанбаев.

    Сөз соңында министр кездесу өңір экологиясын жақсартуға септеседі деген үмітте екенін айтты. Ол жиында көтерілген мәселелер бойынша хаттама жасалып, олардың орындалуын назарда ұстауға уәде берді.

    Ұсынымдар

    Терроризмге кешірім жоқ

    Терроризмге кешірім жоқ

    1 year ago
    Назардан тыс қалмайды

    Назардан тыс қалмайды

    10 months ago
    Мемлекеттік қызметке орналасуда қандай өзгерістер енгізілді?

    Мемлекеттік қызметке орналасуда қандай өзгерістер енгізілді?

    2 years ago
    Үздіктер үміті ақталды

    Үздіктер үміті ақталды

    11 months ago
    Алматы облысында «Ұстаздар күні» мерекесі аталып өтілді

    Алматы облысында «Ұстаздар күні» мерекесі аталып өтілді

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.