-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыты айқын көрініс тапты

    01.09.2023
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Инфрақұрылым, Президент, Экономика
    Елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыты айқын көрініс тапты
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жариялады. «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты маңызды құжатта осыған дейін жүзеге асқан жұмыстар қорытындыланып, алдағы жаңа мақсат-міндеттер нақтыланды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен еліміздегі ауқымды саяси жаңғыруларға тоқталып өтті.

    «Қолға алған шаралар нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады. Басқару жүйесі ықпалды Парламенті бар Президенттік Республика үлгісіне көшті. Елімізде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орнықты», – деді Мемлекет басшысы.

    Президенттің әр жылғы Жолдауында Үкімет алдына қойған міндеттері ретімен нәтиже беріп келеді. Биылғы Жолдауда да Мемлекет басшысы бірнеше тапсырма берді. Оның ішінде, ел экономикасына қатысты, отандық өнім өндірушілерді қорғау, инфрақұрылымды дамыту, заманауи технология трансфертін жасау, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту, агроөнеркәсіп кешенін өркендету сынды бастамалары көңіл қуантады.
    Бүгінде өңіріміздегі күрделі мәселе – егіс алқаптарын суландыру. бұл проблема бойынша қазір ауданымызда бұрынғы су арналарын қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Президент өз Жолдауында су ресурсы – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі екендігін айтты.

    «Жалпы, біз – трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады. Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек», – деді ел Президенті.

    Су тапшылығы ел экономикасы мен халық тұрмысына да едәуір кері әсерін тигізгені анық. Осы ретте, Президент бұл мәселеге де назар қойып, нақты тапсырмалар беріп өтті. Жоғарыда аталған маңызды міндеттермен қоса Жолдауда еңбек нарығы, кәсіпкерлікті қолдау, өңірлердің даму бағыты, салық саясаты сынды бастамаға ерекше маңыз берілді. Президент Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыты айқын көрініс тапты. Ел азаматтары Президент Жолдауының маңызын ұғына отырып, ондағы тапсырмалардың жүйелі түрде іске асуына жұмыла тер төгуі тиіс.

    Бағдат РАХИМОВ,
    «AMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы

    Ұсынымдар

    Жанармай тапшылығының алдын алатын оңтайлы шешім

    Жанармай тапшылығының алдын алатын оңтайлы шешім

    2 years ago
    «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

    «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

    7 months ago
    Қонаевта масаға қарсы шаралардың екінші кезеңі өтіп жатыр

    Безгек масаларына қарсы екінші мәрте дәрі шаша бастады

    1 year ago
    Қоғамдық эко-бақылау бойынша Республикалық акция басталды

    Қоғамдық эко-бақылау бойынша Республикалық акция басталды

    10 months ago
    Қонаев ардагерлері Орталық саябақта сенбілік өткізді

    Қонаев ардагерлері Орталық саябақта сенбілік өткізді

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.