-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Есікте 1500 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді

    01.09.2023
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Мәдениет, Өңір тынысы, Руханият
    Есікте 1500 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді
    0
    SHARES
    20
    VIEWS

    1 қыркүйек – Білім күнінде Еңбекшіқазақ ауданының орталығы – Есік қаласында 1500 орындық мектеп пайдалануға берілді.

    № 6 қазақ орта мектеп-лицейінің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Елубаева, аудан әкімі Алтай Досымбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметов, ұстаздар, оқушылар және ата-аналар қатысты.

    Нұржан Құдайбергенов облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтың атынан мұғалімдер мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

    «Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қымбатты оқушылар! Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін облысымыздағы 456 мектепте қоңырау соғылып, 330 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады. 38 мыңнан астам бүлдіршін алғаш мектеп табалдырығын аттады. Облысымызда алдағы уақытта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 53 мектеп салу жоспарлануда. Оның сегізі Еңбекшіқазақ ауданында бой көтеретін болады. Баршаңызға табыс, қуаныш тілеймін. Балаларымыздың зейіндері ашылсын!», – деді Нұржан Кеңесұлы

    Жаңа мектептің алғашқы қоңырауы соғылды. Қонақтар ішке еніп, оқу кабинеттерімен танысты. Мектептің оқу корпусы типтік жоба бойынша салынған және 1500 орынға есептелген. 84 оқу кабинеті, 5 зертханалық (физика, биология, химия), 2-информатика, 2-мультимедиялық, 7 ағылшын 1 тігін, 4 шеберхана, 2 АӘД кабинеттері, 2 спортзал, 1 стадион, 2 жаттығу алаңы бар.

    Сонымен қатар, 270 орындық асхана, 1 кітапхана білім алушыларға қызмет көрсететін болады. Жаңа оқу орнында балаларды оқыту үшін барлық жағдай жасалған. Осылай Есік қаласындағы 3 ауысымда білім беретін мектептердің мәселесі толығымен шешіледі. «BI Global» компаниясы мердігерлік еткен мектеп құрылысына 5 млрд 700 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

    Аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Нұрланұлының айтуынша, жаңа шаңырақ көтерген білім ордасы инновациялық технологияларды, компьютерлік мүмкіндіктерді пайдалану, интерактивті білім беру бағытына басымдылық береді. Сол үшін, онда еңбек ететін ұстаздардың кәсіби біліктілігіне де айырықша көңіл бөлінеді.

    «Жаңа мектепке лицей талабына сай келетін жоғары санаттағы мұғалімдерді арнайы конкурс арқылы қабылдап жатырмыз. Бүгінде конкурстан өткен 78 мұғалім қызметке кірісті. Білікті мамандарды оқу ісіне тарту үшін конкурс әлі жалғасын табады. Алда лицей сыныптарына емтихан арқылы үздік оқушылар қабылданатын болады», – деді аудандық білім бөлімінің басшысы.

    Аталған № 6 қазақ орта мектеп-лицейі толық мемлекеттік тілде сабақ береді. Бұған дейін Есік қаласындағы Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп қана тек қазақ тілінде болатын. Енді міне, Есікте ана тілімізде білім беретін оқу орнының қатары жаңа мектеппен толықты.

    Ерзат Асыл

    Ұсынымдар

    Әбілхан Қастеев Шалкөде жайлауын қалай бейнеледі?

    Әбілхан Қастеев Шалкөде жайлауын қалай бейнеледі?

    2 years ago
    Қонаев спортшылары «Таза өлке» акциясын қолдайды

    Тазалықты сақтау тәрбиеге үйретеді

    1 year ago
    “Сын-қатер де бар, тарихи мүмкіндік те жоқ емес”

    “Сын-қатер де бар, тарихи мүмкіндік те жоқ емес”

    2 years ago
    Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі

    Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі

    7 months ago
    Қонаевта жүздеген бизнес нысандары эконауқанға қатысты

    Қонаевта жүздеген бизнес нысандары эконауқанға қатысты

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>