☀️
16°C
Қонаев
Бейсенбі, Қазан 30, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Кадет сыныбы ашылды

    18.09.2023
    in Ауыл тынысы, Әлеумет, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Все новости, Денсаулық, Құқық-заң, Мәдениет, Өңір тынысы, Право-закон, Руханият, Экономика
    Кадет сыныбы ашылды
    0
    SHARES
    53
    VIEWS

    Шолаққарғалы ауылдық округіне қарасты Үмбетәлі ауылындағы орта мектепте кадет сыныбы ашылды. Бұл – төтенше жағдайлар саласы бойынша Жамбыл ауданында бірінші болып ашылып отырған жас құтқарушылар сыныбы.
    Игі шараның ашылу салтанатына Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Данияр Қасымов арнайы келіп, жас өрендерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Жамбыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Ерсін Жағыпаров, аудандық білім бөлімінің басшысы Светлана Алтынбекова және басқа да аудан азаматтары қатысты.
    Жастарды азаматтық қорғаныс бағытында оқытатын сыныпта 29 оқушы бар, оның 15-і қыз, ал 14-і ұл бала. Кадет сыныбының басты мақсаты – оқушыларға азаматтық қорғау органдарының қызметі мен ережелерін, талаптары мен жауапкершілігін тереңдете ұғындыру. Оларды жас құтқарушылар мен өрт сөндірушілер ретінде алғашқы даярлықтан өткізу. Оқу үрдісі кезінде арнайы киім үлгісін киетін жас өрендер мұнда әскери тәртіпке дағдыланып, салаға қатысты заң талаптарын біліп шығатын болады. Алдағы уақытта Жамбыл ауданында осындай кадет сыныптарын басқа да жалпы білім беру мекемелерінде ашу жоспарда бар екені белгілі болды.
    Төтенше жағдайлар органының қызметкерлері оқушыларды азаматтық құтқаруға арналған құрал-саймандар мен арнайы өрт сөндіру көлігінің жұмысымен таныстырды. Шара соңында Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектебінің директоры Оксана Майлыбаева кадет сыныбының ашылуына атсалысқандарға мектеп ұстаздары мен шәкірттері және ата-аналар атынан алғыс білдірді.

    Серік Сатыбалдиев
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Көлсай маңындағы жерлерді пайдаланудың заңдылығын тексеруге шақырды

    Көлсай маңындағы жерлерді пайдаланудың заңдылығын тексеруге шақырды

    2 years ago
    Сынаққа сынбаған

    Сынаққа сынбаған

    1 year ago
    Ұлы сезімнің көшбасшысы

    Ұлы сезімнің көшбасшысы

    6 months ago
    ТАЛҒАР ҚАЛАЛЫҚ №7 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫНА АЭС БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    ТАЛҒАР ҚАЛАЛЫҚ №7 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫНА АЭС БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    1 year ago
    Баспасөз хатшысының бір күні

    Баспасөз хатшысының бір күні

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>