-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мемлекет басшысы Сүлеймен Демирел атындағы университетке барды

    06.09.2023
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Жоғары технология, Өңір тынысы, Президент
    Мемлекет басшысы Сүлеймен Демирел атындағы университетке барды

    Фото: akorda.kz

    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына сапары барысында Қарасай ауданы Қаскелең қаласында орналасқан Сүлеймен Демирел атындағы университетке барып, жоғары оқу орнының білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, сондай-ақ университетті одан әрі дамыту стратегиясымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

    Университет ректоры Әлімжан Игенбаевтың айтуынша, мұнда 8500-ден астам студент оқиды. Олардың арасында Орталық Азия, Қытай, Ресей, Моңғолия, Индонезия секілді мемлекеттердің азаматтары бар. Сонымен қатар оқу ордасында 500-ге жуық профессор жұмыс істейді.

    Мемлекет басшысына университетте қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика және IT салалары бойынша жобаларды жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, ғылыми зертханалар жұмыс істейтіні туралы баяндалды. Бұдан бөлек, университет шетелдік 70 жоғары оқу орнымен байланыс орнатқан, сондай-ақ Erasmus бағдарламасына, академиялық ұтқырлық пен тәжірибе алмасуға қатысты басқа да жобаларға қатысады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев жас оқытушылармен, ғалымдармен, студенттермен әңгімелесу барысында білім беру жүйесіне озық әдістерді енгізу маңызды екенін ерекше атап өтті.

    – Қазіргі заманда технологияны жетік меңгеру керек. Мен өз Жолдауымда Қазақстанды IT саласы дамыған озық елге айналдыру қажет екенін айттым. Университеттеріңізде осы игі мақсатқа жету үшін зор күш-жігер жұмсалып жатыр деп ойлаймын. Сіздер оқуда озат болады деп үміттенемін. Ұлыбританияда және басқа да шет елдерде білім алған білікті профессорларыңыз бар. Бәріміз Қазақстанның игілігі үшін еңбек етуіміз керек. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Елімізге білімді, белсенді және ақылды жастар қажет. Сондықтан сіздерге зор сенім артамын. Баршаңызға табыс тілеймін, – деді Президент.

    Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенттері Мемлекет басшысына «Формула Студент» инженерлік жарыс жобасы аясында өздері құрастырған автокөлікті көрсетті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Сүлеймен Демирел атындағы университетке барды

    1 of 11
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    6.

    7.

    8.

    9.

    10.

    11.

    Ұсынымдар

    Тазалық эстафетасы мәресіне жетті

    Тазалық эстафетасы мәресіне жетті

    12 months ago
    Өнеркәсіптегі қауіпсіздік талаптары бұзылған жоқ

    Өнеркәсіптегі қауіпсіздік талаптары бұзылған жоқ

    1 year ago
    Безопасность атомных электростанций: факты и реальные риски

    Безопасность атомных электростанций: факты и реальные риски

    10 months ago
    АЙНЫМАС ДОС, ТАРЛАН ТАЛАНТ ЕДІ

    АЙНЫМАС ДОС, ТАРЛАН ТАЛАНТ ЕДІ

    2 months ago
    Қолөнер – төл өнер

    Қолөнер – төл өнер

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>