-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Президент Алматы облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты

    05.09.2023
    in Ауыл тынысы, Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Өңір тынысы, Президент, Экономика
    Президент Алматы облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты

    Фото: akorda.kz

    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары кезінде ауыл шаруашылығы тауарлары мен құрылыс материалдарын өндірушілердің көрмесіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Көрмеге ауыл шаруашылығы саласы бойынша ет, құс, сүт және балық өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының, сондай-ақ шырын, сусын өндірушілердің, көкөніс пен жеміс өңдеушілердің өнімдері қойылды.

    Көрмеде Мемлекет басшысы шаруалармен әңгімелесіп, өңірдің климаты мен мегаполиске жақын орналасуы бұл салаға инвесторлар тартуға зор мүмкіндік беретінін атап өтті. Президенттің айтуынша, өңірде ерекше бағыт – түйе шаруашылығы қарқынды дамып келеді және аталған саланың экспорттық әлеуеті зор.

    – Ауыл шаруашылығы өндірісіне жаңа технологияларды енгізу, экологиялық таза өнім шығару маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Сонымен қатар Президентке отандық құрылыс материалдарының көптеген түрі таныстырылды. Қазақстанда өнеркәсіптік және азаматтық нысандар құрылысына қажетті барлық материал толықтай өндіріледі. Атап айтқанда, көлденең желімделген ағаш, құрама темірбетон және бетон құрылғылары, автоклавты газоблоктар, талшықты цемент плиталары мен шыны мақта, құрғақ құрылыс қоспалары мен әрлеу материалдары, бояулар мен жабындылар, алюминий профильдері, панельдер, диодты шамдар, есік тұтқалары және басқа да өнімдер шығарылады.

    Мемлекет басшысы құрылыс саласының жай-күйі туралы айта келе, аталған саланы экономиканы дамытудың қозғаушы күші ретінде атап өтті.

    – Қазір құрылыс саласы бойынша облыс алдында ауқымды міндеттер тұр. Атап айтқанда, облыс орталығының құрылысы және G4 City жобасы. Бұл жұмыста жергілікті өнім өндірушілердің құрылыс материалдарының әлеуетін барынша пайдалану маңызды. Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қолдайды. Бұл туралы мен өз Жолдауымда нақты айттым, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

    Көрмеге 20-дан астам қазақстандық тауар өндірушілердің, соның ішінде «Шин-Лайн» ЖШС, Dinara Group агрохолдингі, «Дәулет-Бекет» ЖШС, «ПК Алтын Таға» ЖШС, «Фирма-Бент» ЖШС, «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС және басқа да ірі компаниялардың өнімдері қойылды.



    Ұсынымдар

    «Таза Қазақстан» бағдарламасына кәсіпкерлер де атсалысуда

    «Таза Қазақстан» бағдарламасына кәсіпкерлер де атсалысуда

    9 months ago
    Бірлік пен татулық жолында жүгірді

    Бірлік пен татулық жолында жүгірді

    1 month ago
    Қайыспаған қайран ерлер

    Қайыспаған қайран ерлер

    12 months ago
    Қонаев қалалық мәслихатының төрағасы сайланды

    Алматы облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары тағайындалды

    2 years ago
    Өндірісі өркендеген

    Өндірісі өркендеген

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>