Қазақстандық ескекшілер Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының жеңімпазы атанды.
Қазақстандық ескекшілер каноэда 500 метр қашықтықта сынға түсіп, 1:49.010 көрсеткішпен мәре сызығын бірінші болып қиып, құрама қоржынын алтын медаль салды. Бұл – Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы төртінші алтын жүлдесі.
Екінші және үшінші орындарды жапониялық және ирандық ескекшілер бөлісті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын әйелдер құрамасының өкілдері Руфина Искакова мен Мария Бровковая каноэде жұптық есуден, Ольга Шмелева мен Ирина Подойникова қос байдарка жарысында екі күміс жеңіп алған.