Бірінші қазанан бастап Алматы облысында тұмауға қарсы екпе жүргізу басталды.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 6 қаулысына сәйкес ЖРВИ мен тұмауға қарсы вакцина 2023 жылғы 01 қазаннан басталатыны туралы Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева егжей-тегжейлі айтып берді.
“Тұмауға қарсы екпе алатын адамдардың жалпы саны 168 мыңнан асады. Денсаулық сақтау басқармасы ағымдағы эпидемиологиялық маусымда «Гриппол плюс» ЖРВИ-ға қарсы екпесінің 165 000 дозасын қамтамасыз етті”,-деді Лейла Серікбаева баспасөз мәслихатында.
Маманның айтуынша, ЖРВИ және тұмауға қарсы күрес бойынша жоспар құрылып, 305 егу кабинеті ұйымдастырылды. Емханаларда қоңырау шалу және кеңес беру үшін қосымша 20 телефон желісі ашылды. Үйде қызмет көрсетуге арналған 91 автокөлік бар. ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу үшін 201 және қосымша 88 инфекциялық төсек-орын қоры қарастырылған.