Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында жеңімпаз атанды.
Луценко шосседегі веложарыста ұзындығы 39,6 шақырым қашықтықта 48:05.75 нәтижемен үздік шықты. Қытайлық Сю Мин екінші, гонконгтық Винсент Лау үшінші орынды иеленді.
Осылайша, Алексей Луценко Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы атанды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан қоржынына төртінші алтын медаль түскен.
Сондай-ақ Мария Бровкова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар каноэде есуден 1000 метр қашықтықтағы жарыста Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева да каноэде жұптасып есуден Қазақстан қоржынына күміс медаль салса, Мария Бровкова қол медаль иеленді.