13 қазанда Қонаев қаласында тұңғыш рет «ШЕБЕР-FEST» қолөнер шеберлерінің республикалық фестивалі өтеді. Өңір әкімдігі қолдаған іс-шара ұлттық қолөнерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев пен «Ұста Деркембай» атындағы қолөнер музейінің директоры Даулет Дәркембайұлы баяндады.
Спикердің айтуынша, әр өңірден жиналған 42 шебердің қолынан шыққан қыш құмыралар, зергерлік бұйымдар, ағаш, табиғи тері мен тоқыма, киіз өнімдерінің көрмесі, жәрмеңкелер мен шеберлік сағаттары көрсетіледі. Жалпы фестиваль 13 аталым бойынша өткізіледі.
«Бұл фестиваль Алматы облысында алғаш рет өткізілмек. Оған 3 қала және 7 облыс – Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Абай, Ұлытау, Ақтөбе облыстарынан келеді деп жоспарланып отыр. Шараны жүйелі түрде өткізсек дейміз, – деді Данияр Алиев.
Фестивальге Алматы облысынан он саусағынан өнер тамған 15 шебер зергер қатысады.
Alatau News