-13 °c
Qonaev
Monday, July 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    “Қазақ тілі мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді”

    13.10.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Идеология, Құқық-заң, Мәдениет, Мемлекеттік тіл, Президент
    “Қазақ тілі мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді”
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады.
    Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында мемлекеттік тілді нығайту ісіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

    Президент қазақ тілін одан әрі дамыту мәселесі әрқашан мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып қала беретінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ең алдымен, қазақ тілінің қолданыс аясын арттыруға бағытталған практикалық жұмыстарға басымдық берген жөн. Оның ішінде білім беру ісіндегі, технологиядағы және медиа саласындағы қазақша контент пен цифрлық өнімдерді әзірлеуге айрықша мән беру қажет.

    Сондай-ақ Президент балаларға арналған анимациялық туындылар шығарудың, көпшілікке арналған кино өнімдері мен ғылыми-танымдық әдебиеттер қорын молайтудың, әлеуметтік желілерде ағартушылық бағыттағы арналар ашудың маңыздылығына назар аударды. Оған қоса ғаламдық цифрлық платформаларды қазақшалап, тіл үйренуге мүмкіндік беретін отандық ақпараттық жүйелерді көбейту қажеттігін атап көрсетті.

    Сонымен қатар Президент әртүрлі әлеуметтік топтардың, оның ішінде жастардың арасында тіл тазалығын сақтау үшін оқу және жазу сауаттылығын арттыру шараларының қажеттігіне ерекше тоқталды.

    Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамын мемлекеттік тілді ғылым мен техника тіліне айналдыру бағытында жұмыс жүргізуге шақырды. Сондай-ақ әлемдік тәжірибеде мәдени, гуманитарлық сипаттағы ұйымдар эндаумент қорлар арқылы жұмыс істейтінін атап өтіп, Қоғам қызметін одан әрі жандандыру үшін осы тәжірибені енгізуді ұсынды және оған өз атынан үлес қосатынын мәлімдеді.

    Өз кезегінде «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы қордың бастамасымен жүзеге асырылған жобалар мен алдағы жоспары жайында мәлімет берді.

    Ұсынымдар

    Алматы облысында референдумға дайындық жүргізілуде

    Алматы облысында референдумға дайындық жүргізілуде

    9 months ago
    АИТВ инфекциясындағы токсоплазмоз

    АИТВ инфекциясындағы токсоплазмоз

    1 year ago
    ОРТАҚ ТАРИХ

    ОРТАҚ ТАРИХ

    4 months ago
    Бар жақсылық – балаға!

    Бар жақсылық – балаға!

    2 weeks ago
    Алматы облысы және Хэнань: өзара тиімді ынтымақтастық қарқын алуда

    Алматы облысы және Хэнань: өзара тиімді ынтымақтастық қарқын алуда

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>