Биыл Қазақстан 14 жылдан кейін, екінші жыл Республика күнін тойлайды. Бұлай дейтін себебім, алғаш рет Республика күні мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланды. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын.Осы құжаттың аясында Егемен еліміз Қазақстанның өз территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Кейін, Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды және бұл әдеттегі жұмыс күніне айналып қала берді.
Осыдан екі жыл бұрын, президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қайтадан атаулы күндердің қатарына қосып, Республика күнінің маңызды екенін тағы бір еске салды. Бұл,әрине қазақ халқы үшін маңызды да мазмұнды күндердің бірі. Ендеше, Егеменді еліміздің тұғыры биік, мәртебесі асқақ болсын!
Жеңіс Қарабалаев,
«Қазақстан Халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Еңбек ардагері» және «Құрметті ұстаз» медалдерінің иегері, Райымбек ауданының «Құрметті азаматы»