Биыл Қазақстан 14 жылдан кейін екінші рет Республика күнін тойлайды. 2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Республика күніне» ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Сөйтіп аталған мереке қайтадан атаулы күндердің бірі ретінде бекітілді.
Қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Республика күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтеміз. Бұл мерекенің орны бөлек екені айтпаса да белгілі. Бұл күні Республикамыздың түкпір-түкпірінде еліміздің егемендігі ұлықталып, патриоттық рух оянып қазақ елінің бірлігі бекемделе түседі. Аталған мерекенің болашақ ұрпаққа де берері көп деп ойлаймын. Мереке құтты болсын!
Амагүл Жұмағұлова, М.Мақатаев әдеби-мемориалды музейінің қор сақтаушысы