Қонаевта бүгін айтулы мерекеге орай салтанатты шара өтті.
Қалың көрермен назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар балаларға арналған ойын-сауық алаңдары құрылып, кәсіпкерлер сауда-саттық орындарын ұйымдастырды.
Тұрғындар риза болып, алаңда билеп, мерекені тойлап марқайып жатты.
«Мереке құтты болсын, қазақ елі! Әуезді ән шырқалып, рухымыз көтеріліп қалды. Салтанатты кештер халыққа керек. Әсіресе, мерекені сезіну үшін патриоттық әндердің шырқалғаны маңызды. Өнерпаздарға алғысымыз шексіз», – деді Динара есімді тұрғын.
Сондай-ақ бүгінгі шарада Республика күніне арналған «Жаса қазағым» атты патриоттық әннің тұсауы кесілді. Бұл әнді Қонаевтағы 32363 әскери бөлімінің қызметкері Досжан Ақатай 1 күннің ішінде жазып шыққан. Өнерпаздың айтуынша, ол өр рухты ән жазуды армандап, сол арманын жүзеге асырған. Бұл ән жайында қосымша ақпарат жарияланады.
Көрермендер көтеріңкі көңіл-күйде үйлеріне тарасты.