Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Сауда және интеграция министрлігінің Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ағымдағы жылғы атқарылған жұмыстары айтылып, ішкі нарықта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі бастамалары баяндалды.
Брифинг спикері облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ұлан Сағадиев департамент қызметімен таныстырып, «Сапалы өнім» қоғамдық шарасы жайлы ақпарат берді. Департамент жұмысы негізгі 2 мақсат бойынша жүргізіледі. Алғашқысы тұтынушылардың құқығын қорғау саласында біртұтас және тиімді саясатты қалыптастыру, екіншісі ішкі сауданы дамыту және реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.Жыл басынан
Департаментпен 448 өтініш қаралып, тұтынушыларға өтініштерде көрсетілген сома бойынша 7 151 790 теңге қайтарылған. Қаржыны қайтару негізінен бөлшек сауда және тұрмыстық қызмет көрсету салаларында жүргізілген. Нәтижесінде көрсеткіштер тұтыну таңдаудағы деңгейдің артуын, екінші жағынан – жосықсыз кәсіпкерлік қызметтің өсуін көрсетті. Департамент басшысының орынбасары тұтынушылардың азық-түлік емес тауарларды айырбастау және қайтаруда, сапасыз сатылған тауарлар бойынша құқықтардың жиі бұзылатынын жеткізді. Ол өз сөзінде:
– Жыл басынан бері Департаментпен сауда субъектілеріне қатысты 22 әкімшілік іс, 204-4 бап бойынша 18 материал, 204-2 бап бойынша 2 материал ескерту түріндегі санкциямен, сондай-ақ 204-4 бап бойынша 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі 2 материал санкциямен іс қозғалды, – деп айтып, саладағы жаңа заң жобасы жайлы айтып өтті.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру үшін Сауда және интерация министрлігімен жаңа заң жобасын әзірленген. Онда қоғамдық институттарының функционалдығын арттыру алға қойылған. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне ішкі нарықтың қоғамдық мониторингі шеңберінде тауарлардың үлгілерін іріктеу және көрсетілетін қызметтерді сатып алу құқығына ие болады.Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық институттары белгілі бір мәселе бойынша жиналған топтың құқығын қорғауға жол ашады. Аталмыш шаралар іске асса тұтынушылардың құқықтарын қорғау үкіметтік емес институттардың рөлін күшейтуге мүмкіндік бермек.
Бүгінгі таңда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету –басты міндет. Осы орайда Министрлік тарапынан «Сапалы өнім» қоғамдық тұжырымдамасын іске қосу ұсынылған. Аталмыш қоғамдық бірлестік жұмысы тауардың тұтынушылық қасиеттерін зерттеу, тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге бастамашылық жасау, өнімнің сапасы туралы қоғамдық пікірді анықтау үшін сауалнама жүргізуге бағытталған. Сондай-ақ, тауардың сапасын бағалау мақсатында мемлекеттік органдарға жүгінуге, тұтынушылардың мүддесі үшін сотқа талап қоюға, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін зерттеу нәтижелері туралы ақпаратты таратуға да мүдделі. Осы орайда брифинг спикері облыс аумағындағы азаматтық қоғам институттарын, белсенді тұрғындарды осы салаға байланысты қоғамдық бірлестік құруға үндеп, өз құқықтарын қорғау мақсатында жұмыс істеуге ниетті тұлғаларды департаментпен бірігіп қызмет атқаруға шақырды. Тұрғындардың құқықтары бұзылған жағдайда, Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, 329Б мекенжайы бойынша кеңес алу керектігін жеткізді. Сондай-ақ, 8/727/3081455 нөмірімен байланысып, E-otinish жүйесі арқылы да жүгіну мүмкіндігін жеткізді.
Құралбек СӘБИТ