Биыл жыл басынан бері 11 адам наразылық акциясы ретінде жолды жауып, көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтірілгені үшін әкімшілік хаттама толтырылып әкімшілік жауапқа тартылды.
Көлiк құралдарының жүруіне қасақана кедергi келтірілгені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 614-бабы негізінде жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу көзделген.