-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Адал қызмет етуге ант берді

    27.10.2023
    in Әлеумет, Денсаулық, Идеология, Қорғаныс, Құқық-заң
    Адал қызмет етуге ант берді

    Фото: ulysmedia.kz

    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің шекарашылар сапын жаңадан толықтырған 600-ге тарта сарбазына арналған ант қабылдау рәсімі өтті.

    Аталған департаментке қарасты Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының Ақжар ықшамауданында орналасқан кәсіптік-техникалық және дайындық бөлімінде өткен салтанатты шараға сарбаздардың ата-аналары мен туыстары, достары қатысу үшін алыстан ат арылтып жетті. Сондай-ақ, Отан қорғаушыларымыздың қатарына тұрған жас азаматтардың өміріндегі маңызды оқиғаға ортақтасу үшін Шекара қызметінің ардагерлері келді.

    Рәсімді Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы полковник Әлібек Каюпов ашып, «Күз-2023» шақырылымымен амандасты. Осыдан кейін департамент бастығының бұйрығымен, алаңды кесіп өткен Жауынгерлік ту көтерушілер тобы әскери тәртіпке сай, өз орындарына барып тұрды. Бұл – мемлекеттік туды көтеретін маңызды сәттің келіп жеткенін білдіретін еді.
    Сарбаздардың ант қабылдар сәті. Бұл күнге олар бір ай бойы дайындалды. Саптық дайындықтарын шыңдай жүріп, әскери өмірге қалыптасудан өтті. Осы аралықта бір де бір сарбаз әскерде қызмет атқарудан бас тартқан жоқ. Есесіне, араларынан мерзімді қызметтен соң әскерде қалғысы келетін немесе әскери жоғары оқу орындарына түскісі келетін сарбаздардың қатары уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Бұған дер кезінде жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының да тигізген көмегі орасан.

    … «Мен, қатардағы жауынгер…». Осылай жалғасып кете беретін мәтінді асқақ үнмен оқыған әрбір жауынгерді департамент басшысы бастаған қонақтар құттықтап, оларды алда күтіп тұрған жас жауынгерлер курсын ойдағыдай аяқтап, қасиетті еліміздің шекарасында қызмет етуге сәттілік тіледі.

    Иә, оларды алда еліміздің қасиетті шекарасы күтіп тұр. Ал шекараға білімді де білікті мамандар қажет. Бұл үшін сарбаздар Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының оқу базасында байланысшы, аспаз, санитарлық нұсқаушы секілді мамандықтарды игеретін болады.
    …Салтанатты ант қабылдау рәсімін жалғастырған жиында департамент бастығы полковник Ә.Каюпов, Шекара қызметінің ардагерлері, сондай-ақ сарбаздар атынан қатардағы жауынгерлер Дамир Сұлтанкерей және Павел Касьяненколарға берілді. Шекарашы атанып, ата-аналарының көз қуаныштарына айналған қос сарбаз қаруластарын Отандарына адал қызмет етуге шақырды. Өйткені шекарада қызмет ету – әркімге бұйыра бермейтін бақ.
    Ел іргесінің берік болуына ерен үлес қосқан сарбаздарды еліміздің ондаған жоғары оқу орындары мен отандық және шетелдік әскери білім ұстаханалары күтіп тұр. Қайсысын таңдаймын десе де сарбаздың өз еркі. Рәсім аяқталып, шағын концерт өткен соң ата-аналардың алдында сөз сөйлеген департамент офицері майор Р.Смаилов мерзімді қызметтің сарбаздарын азаматтық өмірде зор мүмкіндіктердің күтіп тұрғанын жеткізді.

    Тамара Дәулетбаева,
    ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі

    Ұсынымдар

    Базарын тапқан балмұздақ

    Базарын тапқан балмұздақ

    10 months ago
    Жаңа шаңырақ шаттығы

    Жаңа шаңырақ шаттығы

    10 months ago
    Табиғат қамқоршысы

    Табиғат қамқоршысы

    9 months ago
    Шарындағы шаттық

    Шарындағы шаттық

    7 months ago
    Әкім Талғар ауданындағы аралас мектеп дауына қатысты түсінік берді

    Әкім Талғар ауданындағы аралас мектеп дауына қатысты түсінік берді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>