-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы агломерациясын дамыту жоспары таныстырылды

    13.10.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Өңір тынысы
    Алматы агломерациясын дамыту жоспары таныстырылды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Алматы қаласы мен облысы – бір-бірімен шектесіп жатқан біртұтас аумақ. Қала маңындағы ауылдардың барлығы дерлік облысқа қарайды. Облыс тұрғындарының көбі қалаға барып, жұмыс істейді. Қаладан шыққан күл-қоқыс, кәріз сулары облыс аумағында жиналып, өңделеді. Сол себепті көлік қозғалысы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, экологиялық мәселелер екі жаққа да ортақ.

    Осы ретте өңірлердің тығыз қарым-қатынаста болып, ары қарай дамуы үшін Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдігі бірлесіп, «Алматы агломерациясын дамытудың кешенді жоспарын» жасады. Осыған орай облыстық әкімдікте мәслихат депутаттарын жобамен таныстыру және талқылау бойынша жиын өтті.
    Жиынды облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов ашып, облыстық мәслихат депутаттарының талқылауына екі мәселе ұсынылып отырғанын жеткізді . Оның алғашқысы – «Алматы қаласының қала маңындағы аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын өзектендіру» жобасы, екіншісі – «Алматы агломерациясын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарының» жобасы.

    Алғашқы мәселе бойынша «Урбостиль» ЖШС директоры Любовь Нысанбаева сөз алып, жобамен таныстырып өтті. Жобада Алматы қаласы мен облысына ортақ мәселелердің барлығы қамтылғанын, жеңіл рельсті транспорт, әуежай салу, жол қозғалысын, экологиялық мәселелерді реттеу, ауылшаруашылығын дамыту, жасыл аймақ қалыптастыру міндеттері қарастырылғанын айтты. Алматыдағы тығыздықты жою, Қонаев қаласы тұрғындарының санын 130000-нан, 200000-ға жеткізу көзделіп отырғанын да алға тартты. Жоба алдағы уақытта мемлекеттік сараптамаға жіберілетінін, бүгінде депутаттар талқылауына ұсынылып отырғанын жеткізді.

    Екінші мәселе бойынша облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасы басшысының орынбасары Айдос Күнесбаев баяндама жасады. Ол «Агломерацияларды дамыту туралы» Заңның 13-бабына сәйкес «2029 жылға дейінгі Алматы агломерациясын дамытудың кешенді жоспарының» жобасы әзірленгенін, ол биылғы 4 қазанда Алматы облысы және Алматы қаласының әкімдіктерімен бірлескен жергілікті кеңесте қаралып, келісілгенін, жобада өңірдің экономикалық дамуын қамтамасыз ететін 10 негізгі бағыт айқындалғанын айтты.
    Жиынды қорытындылаған облыстық мәслихаттың төрағасы Талғат Байеділов:

    – Алматы агломерациясының дамуы стратегиялық маңызы бар жоба болып есептеледі. Бұл облысымыздың тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етеді. «2029 жылға дейінгі Алматы агломерациясын дамытудың кешенді жоспары» аясында тұрғын үйлерді, әкімдік және әлеуметтік нысандарды салу, автомобиль, теміржол, инженерлік және ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту, бос жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту, индустриялық аймақтар мен өндірістік нысандардың тиімділігін арттыру, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған. Ендігі кезекте «2029 жылға дейінгі Алматы агломерациясын дамытудың кешенді жоспарының» жобасына облыстық мәслихат депутаттарының келісімі қажет, – деді.

    Бұдан соң, депутаттар дауыс беріп, «Алматы агломерациясын дамытудың кешенді жоспарының жобасын» бірауыздан қолдады. Алдағы уақытта аталған жоба Үкіметте қаралып, бекітіледі.

    Алма Есенбай,
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Елімізде көктемгі әскерге шақыру басталды

    Елімізде көктемгі әскерге шақыру басталды

    2 years ago
    Ұлыс тойы ұлықталды

    Ұлыс тойы ұлықталды

    1 year ago
    Қапшағайға былтыр миллионнан астам турист келді

    Қапшағай су қоймасының жағалауын абаттандыру басталды

    2 years ago
    Бүгін береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мерекесі – Көрісу күні

    Бүгін береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мерекесі – Көрісу күні

    2 years ago
    Алматының тозығы жеткен автобустары облысқа берілмек

    Алматының тозығы жеткен автобустары облысқа берілмек

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.