-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында 61 медицина мекемесінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бұзылған

    14.10.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Құқық-заң, Өңір тынысы
    Денсаулық пен білім салаларын қолдау – мемлекет саясатының басым бағыты
    0
    SHARES
    74
    VIEWS

    Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті биыл 9 айда 61 денсаулық сақтау ұйымына тексеру жүргізіп, барлығында (100%) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғанын анықтады.
    Атап айтсақ, медициналық ұйымдарда жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар орындамайды. Сондай-ақ, зертханалық зерттеулер қорытындысында дезинфекциялау-стерилдеу режимінің сақталмайтыны белгілі болды. Заттар, жабдықтар және жұмыс беттерінен зерттеуге алынған 2300 шайындының ішінен 15-і ішек таяқшалары тобының бактериялары мен стафилококтарға оң нәтиже көрсетті. Медициналық мақсаттағы бұйымдардың стерильденгенін тексеру мақсатында 500-ден астам шайынды зерттелді, олардың 4-еуінің нәтижесі оң болды. Зерттелген 370 ауа сынамасының 17-сі оң нәтиже көрсетті, бұл ауаны зарарсыздандыруға қойылатын талаптардың сақталмағанын растайды. Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау ережелерінің сақталмайтыны зерттелген 120 сынаманың 3-еуінің оң нәтижесі растады.

    Анықталған заң бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғаларға жалпы сомасы 25 млн. 892 мың 250 теңгені құрайтын 42 айыппұл салынды, 27 субъектіге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді, 2 материал сотқа жіберілді, 3 медициналық қызметкер жұмыстан шеттетілді.

    Жүргізілген тексерулер нәтижесінде Алматы облысында есепте тұрған 1007 медициналық ұйымның арасында күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін 54 денсаулық сақтау объектісі (5,4%) анықталды. Оның ішінде ауылдардағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 35 нысан 2023-2024 жылдары құрылыс және күрделі жөндеу жүргізу үшін «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасына енгізілді.

    Сонымен қатар, 2023 жылдың 9 айында 4 денсаулық сақтау нысаны салынып, пайдалануға берілді, бұл халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.
    Медициналық ұйымдардың санитарлық жай-күйі талапқа сай болмаса және көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына наразылық туындаған жағдайда Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және оның аумақтық бөлімшелеріне немесе almobldkgsen@dsm.gov.kz электрондық мекенжайына хабарласуға болады.

    Ұсынымдар

    Апат айтып келмейді

    Апат айтып келмейді

    1 year ago
    Асылдың сынығын ардақтайық

    Асылдың сынығын ардақтайық

    2 months ago
    Үздік ұстаз

    Үздік ұстаз

    6 months ago
    Жазушымен жүздескен сәт

    Жазушымен жүздескен сәт

    8 months ago
    Болмысы бөлек, қағысы ерек

    Болмысы бөлек, қағысы ерек

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.