-13 °c
Qonaev
Monday, May 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Азиада жеңімпаздары марапатталды

    21.10.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Идеология, Мәдениет, Өңір тынысы, Спорт
    Азиада жеңімпаздары марапатталды
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытайда өткен ХІХ Азия ойындарының жеңімпаздарын қабылдады. Республика күнінің қарсаңында облыстық әкімдікте өткен салтанатты жиынға Азия ойындарына Алматы облысынан қатысқан спортшылар мен олардың жаттықтырушылары қатысты.

    Еске салсақ, ХІХ Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен. Азия құрлығының айтулы спорт шарасына барлығы 45 елден 12500-ден астам спортшы қатысты. Дүбірлі додада Қазақстанның намысын 30 спорт түрі бойынша 525 спортшы қорғап, еліміз жалпы есепте 80 медальмен үздік бестікке енсе, алтын жүлде саны бойынша 11-орыннан көрінді. Алматы облысынан республика құрамасының намысын 10 спортшы қорғап, оның төртеуі Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко, Аян Тұрсын және Мариан Ордабаева жеңіс тұғырына көтерілді. Ел қоржынына түскен 10 алтын медальдің біреуін стенд атудан аралас жұптық сайыста Әсем Орынбай мен Эдуард Эщенко, ал біреуін Әсем Орынбай әйелдер құрамасы сапында жеңіп алған. Сұрмерген қыз бұдан өзге жекелей сында да өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар у-шу саньда спортынан 52 кг салмақта сынға түскен Аян Тұрсын жартылай финалға дейін жетіп, қола медаль иеленсе, джиу-джитсудан 63 кг салмақта Мариан Ордабаева да қоржынға қола жүлде салған.

    Салтанатты қабылдауда Марат Сұлтанғазиев спортшыларды жеңісімен құттықтап, сәттілік тіледі.

    – Аз спортшы қатысса да үлкен жетістікке жеттіңіздер. Бұған спортшылардың да, жаттықтырушылар мен спорт мамандарының қосқан үлесі зор. Спорт – бұл біртұтас жүйе, онда әрқайсының өз орны бар. Сіздердің жеңістеріңіз спортты серік еткен жастарды жігерлендіріп, биік белестерге бастайтыны сөзсіз. Сондықтан сіздерді жеңістеріңізбен құттықтап, Парижде өтетін Олимпиада ойындарында сәттілік тілеймін! – деді өңір басшысы. Әкім сонымен қатар облыста спортты, оның ішінде бұқаралық спортты дамытуға басымдық беріліп отырғанын, атап айтқанда өңір тұрғындарының кемінде жартысы спортты серік етіп, салауатты өмір салтын ұстанатындай жағдай жасау бағытында жұмыс атқарылып жатқанын айтты. Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, аудан, ауылдарда 13 дене шынықтыру және сауықтыру кешендері, Еңбекшіқазақ, Райымбек аудандарында спорт кешендері салынып жатқанын айтты.

    Бұдан соң спортшылар атынан Әсем Орынбайға сөз берілді. Сұрмерген қыз Азия ойындарына қатысқандағы көңіл-күйлері қалай болғанын баяндады.
    – Азия ойындарында сынға түсуде ауа-райының өзгешелігі сияқты кедергілер де болды. Бірақ соған қарамастан топ жарып шығуымыздың өзі облысымызда дайындық пен жаттығуға жағдай жасалғанын көрсетеді. Осындай спортшыларға қолдау көрсеткендеріңізге алғыс білдіреміз, – деді Әсем Орынбай.

    Келесі сөзді Алматы облыстық у-шу федерациясының басшысы Имаржан Идиллаев жалғап, құрлық біріншілігіне қатысып, ел сенімін ақтауында атлеттердің уақтылы жаттығуы, дұрыс тамақтануы мен психологиялық дайындығына үлкен мән берілгенін айттты.
    Салтанатты қабылдаудың қорытынды бөлімінде облыс әкімдігі мен Спорт және дене шынықтыру басқармасының, демеушілердің атынан спортшылар мен олардың жаттықтырушылары Алматы облысы әкімінің «Алғыс хаты», «Құрмет» грамоталарымен марапатталып, ақшалай сыйлықтары табысталды.

    Ұсынымдар

    Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы сайланды

    Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы сайланды

    2 years ago
    Алда айтулы айқастар

    Алда айтулы айқастар

    3 months ago
    Алматы облысының тұрғындары МӘМС-ке 32 млрд теңге жарна төледі 

    Алматы облысының тұрғындары МӘМС-ке 32 млрд теңге жарна төледі 

    6 months ago
    Жаһандық жарыс

    Жаһандық жарыс

    10 months ago
    Тоңдырды бізді…

    Тоңдырды бізді…

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>