-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ел еңсесі биік болсын

    20.10.2023
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мереке
    Ел еңсесі биік болсын
    0
    SHARES
    22
    VIEWS

    Биыл азаттық алып, бабалар ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 32 жыл болады. Ал тәуелсіздіктің бастауына алғашқы нық қадам 1990 жылы 25 қазанда жасалған еді. Дәл осы күні ел егемендігі туралы декларация қабылданды. Міне, содан бері тәуелсіздігіміздің дамуы жолындағы әр қадам нағыз жігерлілікпен, жоғары жауапкершілікпен жасалды.
    Тәуелсіздігіміздің арқасында басты құжатымыз Ата Заңымыз қабылданды. Еліміздегі әр азаматтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ететін Конституциямыз – басты бағдарымыз, қадірлі құжатымыз. Сол арқылы Қазақстан атты мемлекетті Отан еткен әр жан өз құқығын қорғайды, азат елдің азаматы ретінде барлық мүмкіндікті пайдалана алады. Ұлт пен ұлысқа, діні мен діліне бөлмейтін Ата Заңымыз мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын қорғап, қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық дамуды, қазақстандық патриотизмді дамытуды көздейтін, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешетін құндылығымен ерекше.
    Осы тәуелсіздігіміздің бас құжатынан бастау аатын еліміздегі барлық заңдардың орындалуын қадағалайтын институт – прокуратура органдары. Прокуратура кез келген заң бұзушылықты анықтап, оны жою шараларын қабылдайды. Заңға қайшы келер қандай да бір әрекеттің де аяғына тұсау салатын прокуратура органдары. Құқығы бұзылып, азаматтық ары тапталған жандар да бүгінде біздің мекемеге келіп, өз арыз-шағымын жеткізіп жатады. Басшылығы тарапынан қысым көріп, негізсіз жала жабылса да, бастаған ісінің аяғы шықпай, жалған бюрократизмнің құрбанына айналып, сабылса да азаматтарымыз біздің есікті қағады. Кәсіпкерлік ісіне заңсыздықтар тосқауыл болған кәсіпкер де, ұрының құрбанына айналған шаруа да, өз шағымын қанағаттандыра алмаған кез келген қарапайым азамат та осы пркуратура саласының табалдырығынан аттап жатады. Бұл – заң үстемдік құрған қоғам екендігіміздің, азаматтарымыз прокуратура саласы мамандарының әділдігі мен жауапкершілігіне сенім артқандығының дәлелі. Біз кез келген азаматтың арызын қанағаттандырып, тәуелсіз еліміздің әр азаматы заңмен өмір сүруге, барлық жақсылыққа лайықты екенін түсіндіруге тырысамыз. Жылап келген ананы жұбату, шағымданған жанның шешімін тауып беру – міндетіміз ғана емес, азаматтық ұстанымымыз болуы керек. Өйткені біздің азаматтар – тәуелсіз қазақ елінің байлығы, қазынасы.
    Әр азаматқа жұмақ мекен болған тәуелсіз Қазақстанымыз айбынды Ата Заңымыздың, қуатты экономикамыздың, жүйелі саясатымыздың арқасында әлі де қарыштай бермек. Сонау 1990 жылдың 25 қазанынан басталған тәуелсіздігіміздің тірегі мығым болғай! Еліміз аман болып, азаматтарымыз аттан түспесін!

    Бауыржан Қыбраев,
    Ұйғыр ауданының прокуроры

    Ұсынымдар

    Сынсыз әдебиет – дымсыз әдебиет

    Сынсыз әдебиет – дымсыз әдебиет

    2 years ago
    Алматы облысында найзағай ұрған бала аман қалды

    Алматы облысында найзағай ұрған бала аман қалды

    2 years ago
    Лимон бағы жайнаған

    Лимон бағы жайнаған

    5 months ago
    Тасқын болған аймақтарда қалпына келтіру жұмыстары басталады

    Тасқын болған аймақтарда қалпына келтіру жұмыстары басталады

    1 year ago
    Мұзарт шыңның Мұзбалағы

    Мұзарт шыңның Мұзбалағы

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.