⛅
16°C
Қонаев
Сенбі, Қазан 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Euro-2024 іріктеу кезеңінде Қазақстан Финляндиядан басым түсті

    18.10.2023
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Euro-2024 іріктеу кезеңінде Қазақстан Финляндиядан басым түсті
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында H тобындағы Қазақстан құрамасы сегізінші ойынын Финляндиямен өткізді.

    Кездесу барысында құрамалар алғашқы минуттан шабуылға көшті. Екеуіне де жеңіске жету өте маңызды болатын. Қоржынға үш ұпай салған құрама әлі де құрлықтық дода финалдық сатысына берілетін жолдамаға таласатын құрамалар қатарына қосылатын еді.

    Ойынның 28-минутында финляндиялық Роберт Тэйлор есеп ашты.
    Екінші кезеңде де қос құрама алма-кезек шабуылды үдетті. Ойынның 76-минутында финляндиялық қорғаушылар өзінің айып алаңында қолмен ойнап, төрешілер пенальти белгіледі. Оны қазақстандық Бактиер Зайнутдинов мүлтіксіз орындап, таразы басын теңестірді. Ойынның 90-минутында ол әуелеп келген голды қақпаға кіргізді. Осылайша Қазақстан қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне берілетін жолдамаға таласатын мүмкіндігін сақтап қалды.

    Айта кетсек, екі құрама бұған дейін ресми ойындарда бес мәрте кездесіп, барлығында финляндиялық футболшылар жеңіске жеткен еді. Сондай-ақ аталған топта Солтүстік Ирландия мен Словения, Сан-Марино мен Дания құрамалары кездеседі.

    Енді қазақстандық футболшылар 17 қарашада Астанада Сан-Мариноны қабылдаса, 20 қарашада сырт алаңда Словениямен кездеседі.

    Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы жеті кездесу өткізді. Ел құрамасы өз алаңында Словениядан – 1:2, Финляндиядан – 0:1, сырт алаңда Даниядан 1:3 есебімен жеңілсе, Данияны (3:2), Сан-Мариноны (3:0), Солтүстік Ирландия (екі мәрте – 1:0, 1:0) қапы қалдырды.

    Ұсынымдар

    Жамбыл ауданы: Су тасқынының алдын алу шаралары жасалып жатыр

    Жамбыл ауданы: Су тасқынының алдын алу шаралары жасалып жатыр

    3 years ago
    Былтыр Алматы облысы тұрғындары  170 мыңнан астам төлқұжат пен жеке куәлік алды

    Былтыр Алматы облысы тұрғындары 170 мыңнан астам төлқұжат пен жеке куәлік алды

    2 years ago
    Алматыны тербеп өткен  теңбіл доп

    Алматыны тербеп өткен теңбіл доп

    2 weeks ago
    Астана халықаралық құрылыс диалогының орталығына айналады: Кавказ және Орта Азия елдерінің құрылыс форумы саланың көшбасшыларын жинайды

    Астана халықаралық құрылыс диалогының орталығына айналады: Кавказ және Орта Азия елдерінің құрылыс форумы саланың көшбасшыларын жинайды

    5 months ago
    Жаңа мүмкіндік бастауы

    Жаңа мүмкіндік бастауы

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>