-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа ғимараты ашылды

    24.10.2023
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік қызмет, Мереке, Өңір тынысы
    Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа ғимараты ашылды
    0
    SHARES
    24
    VIEWS

    Бүгін Республика күніне орай, Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа ғимараты ашылды. Қонаев қаласында өткен жаңа ғимараттың ашылуына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты. Аталған ғимарат Қонаевқа кіреберіс тұста орналасқан. Бұл нысан бұған дейін ойынхана болған.

    Алғашқы сөзді алған Марат Сұлтанғазиев салық саласы қызметкерлерінің ел экономикасы мен оның дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады.
    “Халықтың әл-ауқатын арттыруға мемлекеттік кірістер саласы қызметкерлерінің қосып келе жатқан үлесі зор. Сондықтан осы бағытта еңбек етіп жүрген мамандарға тиісті жағдай жасау біз үшін маңызды. Сіздер жаңа құрылған облысымыздың барлық қызметшілері сияқты көшіп-қонудың қиындығын да, өзіндік қызығын да көрдіңіздер. Бірақ, ешқандай кедергіге қарамастан, аянбай еңбек етіп келесіздер. Жаңа ғимаратта ел болашағын жарқын етер жобалар іске аса берсін, ұлттық мереке құтты болсын!” – деді облыс әкімі.

    Ал департамент басшысы біртіндеп олқылықтардың орны толып келе жатқанын тілге тиек етті.
    “Айтулы мерекеге орай қуанышқа кенелдік. Осыған дейін біз үш ғимаратта бөлініп отырдық. 5 басқарма басқа жақта, осында 12 басқарма болды. Бұл ғимаратты облыс басшылығының қолдауымен сатып алдық. Нысанды жөндеуден өткіздік”, – деді департамент басшысы Құлмұханбет Исақов.

    Оның айтуынша, облыс екіге бөлінген соң, маман тапшылығы мәселесін шешу қиынға соққан.
    “Мұнда 196 адам қызмет етуі тиіс. Бастапқыда салықтар бойынша барлық жұмысты 86 маман жүргізді. Бүгінде штат саны 160-қа жетті. Әлі де білікті мамандар қажет, байқау жарияланып жатыр”, – деді ол.

    Марат Сұлтанғазиев қызыл лентасын қиған ғимаратты аралап шығып, қызметкерлердің жұмысына сәттілік тіледі.

    Ұсынымдар

    «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

    «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

    10 months ago
    Үздік нәтиже көрсетті

    Үздік нәтиже көрсетті

    2 months ago
    Алматы облысында республикалық зияткерлік ойын өтті

    Алматы облысында республикалық зияткерлік ойын өтті

    2 years ago
    Екпе салдыру – ұжымдық денсаулық кепілі

    Екпе салдыру – ұжымдық денсаулық кепілі

    2 years ago
    «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

    «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.