-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Табиғи және тарихи ескерткіштерді сақтау акциясы басталды

    20.10.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Идеология, Мәдениет, Экология
    Табиғи және тарихи ескерткіштерді сақтау акциясы басталды

    Фото: egemen.kz

    0
    SHARES
    15
    VIEWS

    Вандализмге жол жоқ! Осындай ұранмен «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен сақтауға бағытталған республикалық ауқымды акцияны бастады.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысындағы ел дамуына қатысты ой-толғамында атап өткендей, ел мен жерге деген жанашырлық – «Адал азамат» тұлғасының ең асыл қасиеттерінің бірі.
    Алайда, соңғы кезде вандализм, әсіресе қорықтар, табиғи саябақтар мен киелі орындарда орын алған келеңсіз оқиғалар туралы хабарламалар жиілеп кетті. Сондықтан, тарихи ескерткіштерді сақтау мәселесіне қоғамның назарын аудару мақсатында, сондай-ақ, туған жердің табиғаты мен тарихына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру үшін «Жастар Рухы» жастар қанаты ұлттық қазынаны қорғауға арналған акцияны бастады. Атап айтқанда, белсенділер еліміз бойынша ескерткіштерді, онымен іргелес аумақты тазартып, ретке келтіреді. Жастар осы іспен қатар туған өлкенің тарихын, дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды зерделеуге мүмкіндік алады.
    Бүгінде 50-ден астам рухтастар «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орналасқан «Жұмақтас» жартасын тазалауға кірісіп кетті. Бұл жартас – тек тарихи ескерткіш қана емес, сонымен қатар мәдени мұра. Акцияға волонтерлерге әдістемелік және басқа да жалпы көмек көрсететін Ұлттық парк пен облыстық мәдени мұраны қорғау орталығының мамандары қатысады.

    «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты төрағасының орынбасары Ақерке Искандерованың айтуынша, бұл акция – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі ғана емес, жастардың халық игілігін қорғауға қосқан үлесі.
    «Мұндай ескерткіштер бүкіл қазақ халқына ортақ мұра, ол ұлттық бірегейлігімізді айшықтайды. Президент өз Отанын шын сүйетін адам туған елінің табиғатын да барынша қорғайды деп бекер айтқан жоқ. Біз қазір қоғамда ілгерілетуге және қалыптастыруға ұмтылып жүрген патриотизм идеясы да осыған саяды деп ойлаймын. Осынау игі акция қазақстандықтарды ортақ құндылықтар төңірегінде топтастырады деген сенімдеміз. Қазақстан азаматы ретінде Мемлекет басшысының идеясын қолдауды маңызды деп санаймыз. Сондай-ақ, еліміздің басты мерекесі – Республика күні қарсаңында мәдени және табиғи мұрамызды бағалайтын, оның болашағына бей-жай қарамайтын азаматтарды, қоғамдық ұйымдарды бізге қосылуға шақырамыз» – деді ол.

    Ақерке Искандерова аталған акцияның қоғамда экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Өткен жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «AMANAT» партиясының XXII Съезінде «ТазаLike» экологиялық тәрбие жобасы басталған еді. Жастар қанатының белсенділері мен жақтастары жоба аясында ел аумағы бойынша мыңға жуық экологиялық акция өткізіп, оған 80 мыңнан астам адам қатысты.
    «Жастар Рухы» белсендісі Жасұлан Рахымов вандализммен тек күш біріктіре отырып күресуге болады деп есептейді.
    «Осындай жерге келетін кейбір адамдардың әрекеті көңілге қаяу түсіреді. Адамдардың демалуға келетіні түсінікті, бірақ бұл табиғатқа тағылық жасап, оны қалай болса солай бұлдіруге болады деген сөз емес қой. Ондай әрекетке барған адамдар өз ісі үшін ұялып қана қоймай, жасаған әрекеті үшін заң алдында жауап беруі, айыппұл төлеуі тиіс. Ата-бабамызыдан мұра болып қалған кең байтақ даланың әрбір бөлшегін таза ұстауымыз керек», – деді ол.

    Болашақ ұрпақтың игілігі үшін табиғатты сақтау – «AMANAT» сайлауалды бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ, құжатта табиғат қорғау іс-шараларының сапалы іске асырылуына тұрақты партиялық бақылау жүргізу көзделген.

    Ескерткіштерді қалпына келтіру және тазартуға арналған акция еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасады. Күні ертең «Жастар Рухы» белсенділері сарапшылармен және қоғам белсенділерімен бірге еліміздегі барлық ұлттық паркке, «Аққайнар» петроглифтік кешеніне, «Тамғалы-Тас» шатқалына және басқа да нысандарға барады.

    Ұсынымдар

    «Асыл домбыра» иегері

    «Асыл домбыра» иегері

    6 months ago
    Алмат Исәділ

    Ақын – елдің ардағы

    7 months ago
    Музей – тарих қоймасы

    Музей – тарих қоймасы

    10 months ago
    All ability Camp: Ерекше балаларға арналған өзгеше лагерь

    All ability Camp: Ерекше балаларға арналған өзгеше лагерь

    12 months ago
    Мықты қазақ

    Классикке арналған кеш

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.