-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жас ақындар айтысы мәресіне жетті

    04.10.2023
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мәдениет, Өңір тынысы, Руханият
    Жас ақындар айтысы мәресіне жетті
    0
    SHARES
    66
    VIEWS

    Жамбыл ауданында мектеп оқушылары арасында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті. Ұзынағаш ауылындағы Мәдениет үйінде екі күнге созылған айтулы өнер додасында облыстардан іріктеліп келген 35 өрен өзара сөз қағыстырды. Аталған республикалық оқушылар айтысының өткізіліп келе жатқанына биыл тура 20 жыл. Бұл жолы да үкілі домбырасын қолға алып, кестелі сөзбен көрерменін тәнті қылуға елдің түкпір-түкпірінен жас ақындар жиналды. Білім басқармасы мен «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған шара Жамбыл ауданы әкімдігінің қолдауымен жоғары деңгейде өткізілді.

    Көпшілікке құттықтау сөзін арнаған облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова шараның мақсаты оқушылар арасында Жамбыл шығармашылығын насихаттай отырып, поэзияға деген құштарлығын арттыру, олардың ішінен ақындыққа табиғи дарындыларын анықтау екенін айтты. Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертасөз сөзінде халқымыздың ең асыл мұраларының бірі – айтыс өнері екендігін атап өтті. Аудан басшысы:
    – Ұлттық өнеріміздің ұлы тұлғалары Сүйінбай мен Жамбыл, Үмбетәлі мен Кенен, күні кешеге дейін арамызда жүріп, артына айтыстың азулы шәкірттерін қалдырған Есенқұл Жақыпбектер – алты Алашқа аты мәлім өнер қайраткерлері. Уақыт зырғып, заман қаншалық өзгерсе де қазақтың ұлттық өнерге деген құштарлығы ешқашан басылған емес. Оның бір айғағы – халқымыз ерекше ықыласпен қабылдайтыносындай айтыстар. «Тәрбие – тал- бесіктен» демекші, әрбір отбасында ұлтымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрып, ырым-тыйымы, ұлттық өнері көрініс тапса, кейінгі ұрпақ өткеніне құрметпен, келешегіне зор үмітпен қарап, тектілікті бойына сіңіре алады. Біз сөзге тоқтаған елміз, қара қылды қақ жарып, әділдігін айтқан би-шешендердің жалғасымыз. Ұлттық рухымызды жаңғыртып, дәстүрлі өнеріміздің туын желбіретіп жүрген жас ақындарға шалқар шабыт тілеймін! – деді.

    Алғашқы күні 20 оқушы тақырыптық айтыста бақ сынасса, екінші күні 12 өрен қайым айтысқа түсті. Қазылардың жоғары ұпайын иеленгендері екінші айналымға жолдама алды. Жас ақындар өздері тұратын аудан, облыстарда талай сөз сайысынан өтіп, тастүйін дайындықпен келгендерін байқатты. Сахна төрінде сөз маржанын тізіп, айтыссүйер көрерменді өлеңмен сусындатты. Жамбылдың өмірі мен шығармашылығын, бүгінгі уақыт тынысын жырға қосып, бір-біріне өрнекті сөзбен мәнді де мағыналы жауап қайтарысты. Жамбыл рухымен арқаланған жас ақындар осылайша екі күн бойы айтыстың қос түріндесуырыпсалмалық қабілеттерін көрсетті. «Айтыс – қазақтың қанына біткен текті өнер ғой. Сондықтан қазақтың әр баласы ақын болуға тиіс», – деген ұстаным аңғарылады қай-қайсының бойынан да. Ұлтымыздың төл өнеріне ден қойғандар іріктеле келе, үздіктері қазылар алқасының сүзгісінен өтіп, ақтық сында тағы сөз қағысты. Қорытындысында сөзінің өткірлігімен, тілінің көркемдігімен тауып айту шеберлігі жоғары бағаланғандардың мерейі үстем болды.

    Олардың өнерін қазылар алқасының төрағасы, айтыскер ақын, Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының директоры, телевизиялық «Біржан-Сара ізімен» айтысы жобасының авторы Серік Қалиев пен қазылар алқасының мүшелері – Қазақстанның Құрметті журналисі Күмісжан Байжан, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Айтақын Бұлғақов, сондай-ақ айтыскер ақындар Айтуған Жетебаев пен Айтбек Тұрсынбаев бағалап отырды.

    Айтыс қорытындысында оза шапқан шын жүйріктер анықталып, салтанатты жағдайда бәйгелері тапсырылды. Жеңімпаздар Оқу-ағарту министрлігі тағайындаған бас жүлде, 1,2,3-дәрежелі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Алғашқы күнгі сөз қағыстырған тақырыптық айтыстың бас жүлдесін Жамбыл облысындағы Айша бибі атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Алина Айдаралы жеңіп алды. Екінші күнгі қайым айтыстың бас жүлдесіне Қызылорда облысындағы №195 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Мұхаметәлі Абдуллаев ие болды. Бас жүлде иегерлеріне 200 мың теңгеден табысталды. Қайым айтыста Павлодар облысынан Мейіржан Баршынбаевқа, тақырыптық айтыста Жамбыл ауданының Т.Бокин атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Балнұр Шәріпбайға бірінші орын мен 150 мың теңгенің сертификаттары берілді. Екінші дәрежелі дипломдарды және 100 мың теңгелік жүлделерді қайым айтыстан Маңғыстау облысынан Бейбіт Байжігіт пен Ақмола облысынан келген Сәттібек Серікболатұлы, ал тақырыптық айтыста Алматы қаласынан Ерасыл Сейітжанұлы мен Атырау облысынан Марсел Ерсайынов иеленді. Сол сияқты астаналық Назар Мисалбек, алматылық Данияр Болатқан, Абай облысынан Еркежан Қадылханова, Алматы облысынан Мәншүк Қанатбаева, Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы №4 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ақнұр Зинулла және Ақтөбе облысынан Арай Нұрадинге қайым және тақырыптық айтыстар бойынша үшінші дәрежелі дипломдар мен 50 мың теңгеден тапсырылды.

    Сонымен қатар арнайы жүлделер де иесін тапты. Атап айтқанда, Әлімқұл Жамбылов атындағы жүлде Алматы қаласынан Сауытқан Айбарысқа, Есенқұл Жақыпбек атындағы жүлде атыраулық Айбек Айболатқа, Есдәулет Қандеков атындағы жүлде Солтүстік Қазақстан облысынан келген Бекарыс Әділжанға, Үмбетәлі Кәрібаев атындағы жүлде шығысқазақстандық Әли Ермековке бұйырды. Сондай-ақ аудан әкімі Нұрлан Ертасұлы тағайындаған арнайы жүлдемен Астанадан ат арытып келген Науат Жақатаева мен Алматы облысынан Болат Ахмет марапатталды.

    Еліміздің әр қиырынан жиналған жас талаптар ақындық ұя салған Жамбыл жерінің көрікті орындарын аралап, ақындар мен батырларға мекен болған киелі аймақпен жақынырақ танысты. Жамбыл мұражайы орналасқан Жамбыл ауылына, Қарасай ауданындағы «Анаға құрмет» мұражайына саяхаттап, Сүйінбай, Жамбыл, Нұрғиса Тілендиев, Есенқұл Жақыпбектің ескерткіш-кесенелерінде рухтарына тағзым етіп тарасты.

    Серік Сатыбалдиев,
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Депутаттар сенім үдесінен көрінеді деп сенеміз!

    Оқырманға арнау сөз

    2 years ago
    Бес нүкте – бес шеберлік сабағы

    Бес нүкте – бес шеберлік сабағы

    8 months ago
    Жаңа мектеп – жарқын жетістік

    Жаңа мектеп – жарқын жетістік

    11 months ago
    Жаңа қызмет: ХҚКО менеджерін шақырып, мемлекеттік қызметті үйден алуға болады

    Жаңа қызмет: ХҚКО менеджерін шақырып, мемлекеттік қызметті үйден алуға болады

    9 months ago
    Шомылу маусымында Қонаевқа демалуға 1,5 млн адам келді

    Шомылу маусымында Қонаевқа демалуға 1,5 млн адам келді

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>