Бүгін, 2023 жылдың 5 қарашасы, еліміздің 17 аймағында 45 пилоттық аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы бастау алды.
Ал, Алматы облысы бойынша пилоттық негізде Жамбыл мен Балқаш аудандары бекітілген.
Жамбылда 105 895 сайлаушыға арналған 77 (2 жабық) сайлау учаскесі дайындалған. Балқашта 19452 сайлаушыға 23 (1 жабық) сайлау учаскесі құрылған.
Сайлау учаскілері ашылып, дауыс беру басталды.