Ресей президенті Владимир Путин бүгін Астанаға ресми сапармен келді. Көрші ел басшысын Астана әуежайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі күтіп алды.
Мәртебелі мейманның сапарына орай Ақордада Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.
Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта Президенттер Қостанайда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысып жатыр.