Алматы облысында аурухананы басқаруға алған компанияның басшысы мен есепшісі өздеріне қарасты ұйымдардан медициналық бұйымдарды көрінеу жалған сатып алған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агеттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі хабарлады.
Агенттіктің аумақтық Департаменті аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдік бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Аурухана 2020 жылдың қазан айында компанияға сенімгерлік басқаруға берілді.
Құзырлы орган дерегінше, 2020-2022 жылдар аралығында ауруханаға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған. Бұл іске күдікті азаматтар қазір қамауға алынып, терге жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.