24 қараша күні Алматы облысы ПД ЭҚКБ қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу шарасын өткізді. Олар Қонаев қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 1991 жылы туған азаматты ұстады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жедел ақпарат бойынша, ұсталған ер адам Қылмыстық кодекстің 194-бабының 4-бөлігі бойынша Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастамасымен мемлекетаралық іздеуде болған.
Күдікті – салафиттік көзқарастың белсенді жақтаушысы. Тінту кезінде одан діни әдебиеттер, қалта пышағы мен балта табылды.
Қазіргі уақытта ұсталған адамның облыс аумағындағы басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысын анықтау бойынша барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпады.