Қонаев қаласының жағажайында Алматы облысы Полиция департаментінің бастамасымен “Таза жағалау” деп аталатын сенбілік өткізілді.
Облыстық ведомствоның жеке құрамы қалалық бөлімшемен бірлесіп қаланы абаттандыруға өз үлесін қосты. Полиция қызметкерлері құрғақ шөпті жинап, “Қапшағай” су қоймасының жағалауын қоқыстан тазартты. Аталған іс-шараға қатысуға департаменттің консультативтік-кеңесші органының мүшелері, “Аманат” партиясының мүшелері, жастар қанаты және қала әкімі Нұрлан Құматаев бастама көтерді.
“Тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауда полицияның рөлі зор. Біз қаланы таза ұстауымыз керек. Сонымен қатар, мұндай сенбіліктердің мәні үлкен, олар қызметкерлердің бірлігі мен ұжымдағы ауызбіршілігін нығайтуға, жастарымызды патриотизм рухында тәрбиелеуге көмектеседі”, – деді Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.