-13 °c
Qonaev
Sunday, May 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Ауылшаруашылығы саласы өкілдерінің мәселелерін тыңдады

    07.11.2023
    in Ауыл тынысы, Ауыл шаруашылығы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы
    Ауылшаруашылығы саласы өкілдерінің мәселелерін тыңдады
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

    Алматы облысы ауыл шаруашылығының өкілдері өз мәселелерін аймақ басшысына тікелей жеткізуде

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аудандарды аралау іссапарының барысында шаруа қожалықтары мен агрокәсіпорындардың басшыларымен кездесу өткізуді дәстүрге айналдырды. Мұндай кеңестерде егіс алқаптарын сумен қамтамасыз ету, өнімдерді өткізу нарығын кеңейту сынды мәселелердің шешу жолдары талқыланады.
    Сонымен қатар кездесулердің барысында аудандар мен ауылдық округтердің әкімдері өз жұмыстары туралы есеп береді. Әр ауылдық округтің экономикалық дамуының көрсеткіштері мұқият қаралады. Шаруа қожалықтарын жеңілдетілген бағамен жанар-жағармаймен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, су үнемдеу технологияларын енгізу, мемлекеттік қолдау, оның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қолдау көрсету мәселелері қарастырылады.

    – Әр әкім ауыл шаруашылығының өкілдерімен мемлекеттік құрылымдардың арасындағы көпір сынды болуы керек. Ауылдық округтердің әкімдіктері ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің сұрақтарына жауап беріп, субсидиялар алу жолында көмек көрсететін консалтингтік орталық сияқты жұмыс істеуі керек. Тығыз қарым-қатынас болса ауыл шаруашылығы сөзсіз дамиды, – деді Марат Сұлтанғазиев.

    Облыс басшысы жергілікті өзекті мәселелерді облыстық және республикалық деңгейде көтеру және шешу ауылдық округ әкімдері қызметін бағалаудың бір бағыты болып табылатынын атап өтті.

    Әр кездесудің қорытындысы бойынша іс-шаралар жоспары қабылданып, тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынады.

    Сонымен қатар Алматы облысы әкімінің тапсырмасына орай барлық ауылдық округтердің ғимараттарында субсидиялар және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде ақпараттық стендттер орнатылған.

    Ұсынымдар

    Аграрлық сала озық технологиямен ғана алға басады

    Аграрлық сала озық технологиямен ғана алға басады

    2 years ago
    Алпыстың асқарында

    Алпыстың асқарында

    1 month ago
    “Күншуақтағы” шуақты күндер

    “Күншуақтағы” шуақты күндер

    9 months ago
    Шаруашылыққа серпін қажет

    Шаруашылыққа серпін қажет

    1 year ago
    Тоқаев ШОС елдері басшыларының жиынында сөйледі

    Тоқаев ШОС елдері басшыларының жиынында сөйледі

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>