Перейти к содержимому
Главная страница » Болат Назарбаев қайтыс болды

Болат Назарбаев қайтыс болды

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев өмірден озды.

Қаралы хабарды растаған Алматыдағы Президент Іс Басқармасы Орталық клиникалық ауруханасының хабарлауынша, Болат Назарбаев 13 қараша күні таңертең дүние салды.
Сондай-ақ ақпаратты тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында растады.

«71 жасқа қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаев дүниеден озды»,- деп жазды ол.

Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда туған.
1973-1988 жылдары «Шамалған» кеңшарында механик, аға механик, бригадир, директордың орынбасары болған. 1988-1989 жылдары – Қаскелең қаласы нан зауыты директорының орынбасары.
1989 жылдан 1992 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысқан. «Инкар Агро» ЖШС-ның вице-президенті, BN Invest холдингінің директоры қызметін атқарды. Сонымен қатар, «Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық ұйымын құрды.

Бұған дейін Болат Назарбаевтың ауруханаға түскені және оның жағдайы ауыр әрі тұрақсыз екені айтылған болатын.