-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қонаев әкімі қалалық автопарк жұмысын тексерді

    17.11.2023
    in Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы
    Қонаев әкімі қалалық автопарк жұмысын тексерді
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Бүгін таңертең Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев жұмыс күнін жергілікті автопаркты аралаудан бастады. Ол жүргізушілердің медициналық бақылаудан өткені жайлы журналды және автобустардың техникалық жағдайын тексерді. Қала әкімінің айтуынша, ең алдымен, жолаушылардың қауіпсіздігіне жіті назар аудару қажет. Ол үшін жүргізушілердің денсаулығы жарамды болып, қоғамдық көлік талапқа 100% сәйкес келуі керек.

    «Біз автопаркке бөлінетін субсидия көлемін арттырып жатырмыз. Сондықтан қызмет көрсету сапасы да жақсаруы керек. Бірақ, қазіргі жағдай өте жақсы деңгейде емес. Халықпен кездесулерде “Арна” шағын ауданы мен саяжай алқаптарының тұрғындары автобустың кешігіп жүретініне үнемі налиды. Жұмысты жандандырып, жұртшылыққа дұрыс қызмет көрсету қажет», – деді Нұрлан Құматаев автопарк басшысына.

    Өз кезегінде компания басшысы әр автобуста диспетчерлердің және автопарк әкімшілігінің байланыс нөмірлері жазылған ақпарат ілініп тұрғанын айтты. Қандай да бір шағым болса, тұрғындар бірден басшылыққа хабарлай алады.

    Айта кету керек, бұл компания тек жолаушылар тасымалымен ғана айналысып қоймай, коммуналдық қызмет көрсетеді. Оның ішінде, жеке үйлерден қоқыс шығару да бар.

    «Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару таңнан басталуы тиіс. Қоқыс тазалауға шығудың орнына, мен көрсін деп істеп қойғандай, техниканың бәрі тізіліп тұр. Одан да міндеттеріңізді орындағандарыңыз жөн еді», – деді шаһар басшысы.

    Жалпы қалада 10 бағытта 23 автобус қызмет көрсетеді. Жол жүру бағасы – 80 теңге, ал оқушылар мен студенттерге – 40 теңге. Көпбалалы аналар мен 78 жастан асқан тұрғындар автобуста тегін қатынайды.

    Автопарк жұмысымен танысқан Нұрлан Құматаев желтоқсанда 4 автобус қолданысқа берілетінін атап өтті.

    “Қыстыгүні тұрғындар автобуста мұздап қалмауы қажет. Осы мәселені бақылауға алыңыздар”, – деді әкім.

    Ұсынымдар

    Министр: Балаларды вейп пен энергетикалық сусындардан тию керек

    Министр: Балаларды вейп пен энергетикалық сусындардан тию керек

    2 years ago
    Алматы облысында жалпыхалықтық сенбілік өтеді

    Алматы облысында жалпыхалықтық сенбілік өтеді

    2 years ago
    Өңір дамуына мәслихаттың қосатын үлесі аз емес

    Өңір дамуына мәслихаттың қосатын үлесі аз емес

    6 months ago
    «XXI ғасыр көшбасшысы» тележобасы экранға қайта оралады

    «XXI ғасыр көшбасшысы» тележобасы экранға қайта оралады

    5 months ago
    Тренд пе, дерт пе?

    Тренд пе, дерт пе?

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.