-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қонаев әкімдігі мектеп асханаларын тексерді

    21.11.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Денсаулық, Өңір тынысы
    Қонаев әкімдігі мектеп асханаларын тексерді
    0
    SHARES
    16
    VIEWS

    Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тапсырмасына сай, Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Нұрсолтанова шаһардағы мектеп асханаларын тексерді.

    Қала мен оған қарасты елді мекендерде 16 білім ошағы орналасқан. Жалпы шаһар бойынша бастауыш сыныпта оқитын 5682 бала, әлеуметтік осал топтан шыққан 743 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

    Бүгін Сәуле Қайырлықызы 6 мектепке барды. Әкім орынбасары барлық асханада дайындалған тағамдардың дәмін татып, сусынын ішіп көрді. Сондай-ақ ол асхананы жалға алушы кәсіпкерлердің санитарлық талапқа сәйкестігі жайлы құжаттарын, тамақ сапасын бақылауда ұстауға міндетті медбикелердің журналын қарап шықты.

    «Облыс әкімі ауқымды жиын барысында мектеп асханасын бизнеске айналдыруға болмайтынын айтты. Заңмен тыйым салынбаса да, жеке кәсіпкерлер 4-5-тен асхананы жалға алып, кәсіп жүргізуді қоюы керек. Бірінші орында — сапа мен балалардың денсаулығы», – деді Сәуле Нұрсолтанова.

    Ол тамаққа аскөкті балалардың қалауын ескере отырып қосуды ұсынды.

    «Қонаев қаласындағы мектептерде бірыңғай ас мәзірі белгіленген. Бүгінгі мәзірде күріш сорпасы, бәліш, компот даярланған. Әр тұздық не аскөк бала талғамына сай қосылғаны жөн», – деді әкім орынбасары.

    Мектептерді аралау қорытындысы бойынша Сәуле Қайырлықызы асханалардағы тамақ сапасына оң бағасын берді.

    «Барлық асханалар таза, тамақтарды сақтау талаптары сақталған. 1-2 мектепке құнарлығын арттыру бойынша ескерту жасадық. Бұған дейін де білім ошақтарын бірнеше рет аралап шыққанбыз. Бүгін күннен-күнге сапаның артып келе жатқанын байқадық», – деді әкім орынбасары.

    Оқу ошақтарындағы асхана сапасын тексеруге қалалық ата-аналар комитетінің мүшелері де қатысты.

    «Ешқандай сын-ескертпеміз жоқ. Барлығы жақсы деңгейде», – деді ата-аналардың бірі.

    Келесі жолы әкімдік мамандары басқа мектептердегі асхана жұмысымен танысады.

    Ұсынымдар

    Үшем келді дүниеге

    Үшем келді дүниеге

    1 year ago
    Заңғар тұлғаны еске алды

    Заңғар тұлғаны еске алды

    5 months ago
    Батысқа арнайы техникалар жөнелтілді

    Батысқа арнайы техникалар жөнелтілді

    1 year ago
    Ынтымақтастық нығаяды

    Ынтымақтастық нығаяды

    3 months ago
    Жаңғырған жаңа жыл

    Жаңғырған жаңа жыл

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>