Қонаев қаласында рұқсат етілмеген орында сауда жасағандар азаматтарға айыппұл салынды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін қала тұрғындары 3-шағын ауданда белгіленбеген орында сауда жасағандар шаһардың келбетін құртуда, көше қоқыс алаңына айналды деп шағымданған еді. Осыған байланысты кәсіпкерлік, ТҮКШ бөлімдерінің мамандары полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп рейдке шықты.
Нәтижесінде ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-бабына сәйкес, 2 адамға айыппұл салынды. Сондай-ақ абаттандыру ережесін бұзу фактісі бойынша осы Кодекстің 505-бабына сай, 1 жеке тұлғаға айыппұл салынды.
Аталғандардан бөлек, мамандар белгіленбеген жерде сауда жасауға болмайтынын айтып, кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл шаралар ары қарай да жалғасын табады.